Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Әрлеуші (қаптау) керамикалық материалдар



Pdf көрінісі
бет35/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   145
сәулеттік материалтану

Әрлеуші (қаптау) керамикалық материалдар ғимарат пен 
құрылыстың ішкі және сыртқы қаптауында декоративті мақсатпен ғана 
қолданылмайды, сонымен қатар оның ұзақмерзімділігін арттыру үшін 
қолданылады. Сыртқы қаптау атмосфералық әсерге ұшырайды
сондықтан суды аз сіңіріп, суыққа төзімділігі жоғары (F25 кем емес) болу 
керек. Мұндай өнімдерге беткі кірпіш пен тастар, керамикалық фасадтық 
тақтайлар, тақтайлар мен жабын керамика жатады. 
Беткі кірпіштер мен тастар дұрыс форма, нақты шектер мен тегіс
керте мен үшкір жағының рельефті немесе фактуралы бетімен 
ерекшеленеді; олар әшекей немесе ангобпен жабылуы мүмкін. Түс – 
ақшыл сарыдан қою қызылға дейін. Оларды қарапайым кірпіштермен 
бірге байлап төсейді. Олар жоғары қорғанысты су жұқпайтын қасиетке 
ие және ғимарат фасадын безендіру мен вестибюль, саты торлары және 
т.б. үшін қолданылады. 
Фасондық кірпіш тегіс бұрыштар мен бүйірлер, қиылысқан немесе 
қисықлиниялы қырға ие және терезе, карнизді безендіру, дөңгеленілген 
бұрышты ғимараттар жасау,арка, күмбез, мұнара жасауға мүмкіндік 
береді.
Әртүрлі өлшемді фасадты тақтайларды жартылай кепкен пресстеу 
әдісі арқылы жасайды. Олар әртүрлі өлшемді және формалы тегіс және 
рельефті болуы мүмкін. 
Клинкер – сығу (арнайы форма арқылы қысу)жолымен немесе, кейбір 
жағдайда, пресстеу әдісімен тығыздалған негізбен біртекті күйдірудің 
зерленбенген немесе зерленген тақтайшасы. Клинкерді өте жоғары 
температурада күйдіреді, нәтижесінде ол жоғары техникалық 
сипаттамаға ие болады.Клинкер қажалуға қарсыласу, температураның 
өзгеруі мен суыққа төзімділіктің жақсы сипаттамасына ие.Ол қазіргі де, 
ескі де кірпіш қалауды ұқсата алады. Ол агрессивті химиялық заттың 
әсеріне түспейді, суды жұтпайды, оңай тазаланады,сондықтан тек 
фасадтар үшін ғана емес, сонымен қатар,жүзу бассейндері мен басқа да 
спорт ғимараттарын салуда, еденді сыртынан да ішінен де қаптау үшін 
қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет