43
Керамикалық гранит – керемет техникалық және эстетикалық
сипаттамасы бар жаңа материал. Ол табиғи гранит пен мәрмәрдің сыртқы
түрі мен табиғи қасиетіне ұқсас; кез-келген форма мен өлшемге ие бола
алады, тегіс және күлгін болады. Оны жоғарғысапалы отқатөзімді саз,
кварцті құм, дала шпаты,каолин мен бояу пигментінен жасайды. Қоспаны
өте жоғары қысымда пресстейді және 1 200 °С жоғары температурада
жандырады. Нәтижесінде фасадты ғимаратта ғана емес,қабырға мен
еденнің ішкі қаптамасында, және төсеуде қолданылатын өте берік, нөлдік
су сіңіру мен жоғары суыққа төзіміділікпен тығыз материал шығады.
Қабырғаның ішкі қаптауы үшін әртүрлі өлшемді төртбұрыш және
тікбұрыш тақтайшалар мен фасонды элементтер қолданылады: бұрыштар,
фриздер және т.б.. Мұндай тақтайшаларды жиі «кафельдік» деп атайды.
Олар кеуекті сыныққа ие және беткі жақта әшекеймен жабылған. Әшекей
декоративті түр ғана бермейді, сонымен қатар тақтайшаны суға төзімді
және химиялық берік етеді. Мұндай тақтайшаларды еден төсеніші (әшекей
оңай сырылады) және сыртқы қаптау (кеуекті сынық қыста жылдам
бұзылады) үшін қолдануға болмайды.
Еден әрлеу үшін қалыңдығы 10...13 мм төртбұрыш,тікбұрыш,
алтыбұрыш,бесбұрыш тақтайшалар қолданады.Оларды құрғақ және
жартылай құрғақ пресстеу, толық піскенше күйдіру әдістерімен баяу
балқитын саздан жасайды. Олардың қуысы болмайды және су өткізбейді.
Мұндай тақтайшаларды жиі метлахты деп атайды. Олар массада боялуы
немесе тек үстіңгі қабаты боялуы мүмкін.Олардың беті тегіс немесе
фактуралық (мысалы, дөрекі өңделген тас немесе сүрекке ұқсас) болуы
мүмкін. Тақтайшалар жоғары тозуға тұрақтылық пен беріктікпен
ерекшеленеді, олар су мен химиялық реагенттердің әсеріне тұрақты,
декоративті және оңай жуылады.
Керамикамен қаптау – фасад пен ғимарат интерьерін қаптаудың ең
экономикалық тиімді түрлерінің бірі. Мұндай қаптаудың жоғары құнына
қарамастан ол ұзақ мерзімді, және соңында ол басқа нұсқаларға қарағанда
тиімдірек болады.Оның күмәнсіз артықшылығына архитектуралық
айқындылығы жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |