Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Санитарлы-техникалық керамиканы



Pdf көрінісі
бет37/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   145
сәулеттік материалтану

Санитарлы-техникалық керамиканы (қол жуғыш, унитаз, құбырлар 
және т.б.)фаянс пен фарфордан жасайды. 


44
 
Фаянсжанатын ақ саз, кварц пен дала шпатынан алынатын жұқа 
керамиканың түрі. Күйдіргеннен кейін бетіне әшекей массасы жағылады 
және әшекейлеу үшін қайталамалы күйдіру жасалады, ол қажет, себебі фаянс 
кеуекті сынық (П=20...25%) пен жоғары су сіңірушілікке ие. 
Фарфоржұқа қабатта көрінетін тығыз, толық күйген сынықпен жұқа 
керамика өнімі. Санитарлы-техникалық бағыттағы фарфор өнімін оған 
тегістік беру мен санитарлы-гигиеналық қасиетін арту үшін әшекеймен 
қаптайды. 
Бұл өнімдер декоративтілік, әмбебап химиялық тұрақтылықпен 
ерекшеленеді. Қатты және тегіс бетінің арқасында олар оңай тазаланады, 
ұзақ уақыт бойы өз қасиеттерін сақтайды. 
Кәріз құбырларын пластикалық баяу балқитын саздан жасайды және 
сырты мен ішінен әшекеймен қаптайды, ол оның толық су өткізбеушілігін, 
химиялық тұрақтығы мен жоғары өткізгіштік қабілетін қамтамасыз етеді. 
Мұндай құбырлар 0,2 МПа көп гидростатикалық қысымға төзімді. 
Мелиоративті жұмыстар үшін қабырғалардағы кең қоныш пен 
перфорациямен дренажды құбырлар әшекеймен қапталады. Құбырға су 
жапсардағы дөңгелек немесе саңылау тесіктер арқылы және құбырдың өзінің 
жапсарымен келеді.
Қышқылға төзімді өнімдер (кірпіш, тақтайша, құбырлар) берік 
сыныққа ие, жоғары беріктікке ие. Қышқылға төзімділік олардың қышқылда 
ерімеуін сипаттайды,сондықтан олар химиялық өнеркәсіпте қолданылады. 
Клинкерлі (жол) кірпішті баяу балқитын саздың толық пісуіне 
дейін күйдіру арқылы жасайды. Ол төмен су сіңіру (2.6 %), қысуда 
жоғары беріктік пен F100 аз болмайтын суыққа төзімділікпен 
ерекшеленеді.Мұндай кірпішті жол мен жаяужол төсеу, өнеркәсіп 
ғимараттары едендері құрылғылары, кәріз коллекторларын салу үшін 
қолданады. 
Кірпіш пен фасондық өнім түріндегі отқа төзімді материалдарды 
жоғары температурада жұмыс істейтін пештер, оттық пен басқа 
аппараттарды қаптау үшін қолданады. Олар отқатөзімді (жұмсару 
температурасы - 1 580.1 770 °С), жоғары отқатөзімді (1 770...2 000 °С) 
және ең жоғары отқатөзімді (2 000 °С көп) болып бөлінеді. 
Шамотты отқатөзімді кірпішті өте жоғары температурада шамотты 
сазды күйдіру арқылы жасайды. Ол жоғары беріктікке ие және 1 600 °С
астам температураға және температураның жиі ауысуына төзеді;құмды-
сары түске және дәнді құрылымға ие. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет