Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет81/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   145
сәулеттік материалтану

103
 
темірбетонды құрылыстарды түйісті құйып бекіту үшін 5 мм; 
сылаудың өңдеу қабаты үшін 1,2 мм аспауы керек. 
9.2.
 
ЕРІТІНДІ ҚОСПАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ 
ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
 
Бетондарға қарағанда, құрылыс ерітінділері ірі толтырушыдан және 
құрылымдық ерекшеліктерден тұрмайды және олардың қасиеттері майда 
түйіршікті бетондарға ұқсайды. Қағидалы айырмашылығы ретінде ерітінді 
қоспалардың әдетте жұқа қабатпен борпылдақ негізге қалануы жатады
сол арқылы жақсы тіркесуі керек. 
Көп жағдайларда ерітіндіден жоғары тығыздылық талап етілмейді, 
себебі ол жұқа қабат ретінде қолданылады. Мысалы, қалау ерітіндісі 
қатты кірпіштер мен тастар арқылы бір-бірімен тіркеседі, қалау
тығыздығы ерітінді беріктігіне және қалауда барлық тігістер мен кедір-
бұдырларды қалай толтыруына тәуелді болады; ерітінді қабаты жұқа 
болған сайын, оның тығыздығы да төмен болады. 
Оның негізгі қасиетіне ерітінді қоспасының қолайлы жайылуы жатады 
– негіз бетімен жақсы тіркесіп, және қалау кезінде барлық кедір-
бұдырларды толтырып, жұқа қабатпен жеңіл таралу қабілеті. Қолайлы 
жайылу сантиметрлерде белгіленетін қоспа жылжымалылығымен 
бағаланады. Бетондағыдай, су шығынымен анықталады. Жылжымалықты 
арттыру үшін қоспа құрамына пластификацияланған қосындылар мен 
беттік-белсенді заттарды қосады. 
Ерітінді қоспасы борпылдақ негіз бойынша жеңіл таралуы керек және 
ерітіндіні қатайтуға қажетті өзіне су тартпауы тиіс, яғни, маңызды мәнді 
оның су ұстау қабілеті алады - борпылдақ негізге қалану кезінде 
қоспаның суды ұстау және тасымалдану кезінде қатпарланбау қасиеті. Ол 
қоспаның құраушы бөліктерінің қатынасына тәуелді болады және 
минералды, органикалық пластификаторларды қосуда артады. 
Қатайтылған ерітінді талап етілетін тығыздыққа және суыққа төзімділікке 
ие болуы керек. Тығыздық 7,07 x 7,07 x 7,07 см өлшеміндегі үлгілер-
кубтарын қысу кезіндегі тығыздық шегімен анықталатын маркамен 
сипатталады. Қысу тығыздығы бойынша құрылыс ерітінділері келесідей 
маркаларға бөлінеді: М4; М10; М25...М200 и М300.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет