Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет79/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   145
сәулеттік материалтану

99
 
Сурет 8.5. Сәндік бетон бұйымы
су жұту қабілеті — 5%, ал суыққа төзімділігі — F50...F200 және одан 
жоғары. Ол тез жуылады, температураның -50 +50 °С аралығында 
ауытқуын қабылдайды, аяқ және дөңгелек астында таймайды, түсі 
өзгермейді, ультракүлгін сәулелерге төзімділігі 100%-ды құрайды. 
Одан басқа, сәндік бетонның қысым және қажалу кедергісі жоғары
соққыға қарсы беріктігі де жоғары. 
Фибробетон - талшық (фибра) түтіктермен армирленген бетон. 
Ауыр бетондар болат сымдармен, шыны, базальт немесе талшықтас 
түтіктермен армирленеді (сурет 8.6). Кеуек және гипстік бетондар 
полиэфир және полипропиленнен жасалған полимерлі түтіктермен 
армирленуі мүмкін. Фибра (талшық) қалыптасу кезеңінде бетонға 
қосылады және оған жаңа қасиеттер береді: сызаттануға төзімділік
қысу тығыздығы, созылу және иілу, су өткізбеушілік, суыққа 
төзімділік; ол бетонның соққы тұтқырлығынан жоғары болады
желінушілікті төмендетеді. Бетонның бұзылуы бірте-бірте пайда 
болады. Құрылыс сенімділігі артады. 
Фибробетон бетондардың жаңа буынына жатады. Ол алдын-ала 
армирленеді, бұл оны қабырғалары жұқа ғимараттар құрылысында 
пайдалануға және арматура шығынын 20 %-дейін төмендетуге
мүмкіндік береді, және құнын ғана төмендетпей, еңбексыйымдылықты 
және жұмыстың орындалу мерзімін де қысқартады. 


100
 
Сурет 8.6. Фибробетон:
а
— болат талшық; 
б
—фибробетон құрылымы
Полимербетон — 
бұл полимерлі байланыстырғыш негізіндегі 
цементсіз бетон. Оның сапалы көрсеткіштері, сыртқы түрі және физико-
химиялық қасиеттері көбінесе толтырушыларға тәуелді болады. Олардың 
әртүрлілігі дизайнер фантазиясына арналған кеңістікті құрайды
полимербетонды әмбебап материалға айналдырады. Бұл атмосфераға 
төзімді, бұзуға төзімді материал болып табылады және ішкі көріністі 
әсемдеуде және ғимараттар алдында қолданылады. Полимербетон тым 
жеңіл, жеңіл, ауыр және тым ауыр болуы мүмкін

Бұйымның осындай 
қасиеттерін анықтаушы полимерлі байланыстырғыш, мысалы, химиялық 
тұрақтылық және вибротұрақтылық полимербетондағы құрылымды 
пайдалануға мүмкіндік береді, мұнда дәстүрлі бетон бұзылады.
Полимербетон пайдаланудың кең спектріне ие: бағаналар, Сәулеттік 
безендірудің сәндік элементтері, ғимараттың ішкі көрінісіндегі сәндік 
элементтер, үстелдің үстіңгі тақтайы, деңгейлер, шу жұтушы 
құрылымдар, жол жиектері мен қоршаулар және тағы басқалары. Оны
қосымша қорғау жабындыларын қондыруды талап етпейтін өнеркәсіптік 
едендердің тұтастырғышын түзететін құрылғылар үшін, сонымен қатар
түсті мозаикалық едендер құрылғылыры үшін (террацо) пайдаланады. 
Бетонополимер — бұл дәстүрлі бетонды тізбекті полимерленетін 
полимерлермен сіңіру нәтижесінде алынатын материал. Қарапайым 
бетонның цементтік тасының құрылымында тесіктің, капиллярдың, түрлі 
микроақаулардың тармақталған жүйесі бар. Олардың барлығы физико-
химиялық қасиеттерге, коррозияға төзімділікке және бетонның ұзақ 
мерзімді қызмет етуіне кері әсер етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет