102
9 Бөлім
ҚҰРЫЛЫС ЕРІТІНДІЛЕРІ
9.1.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Құрылыс ерітіндісі дегеніміз –тұтқыр заттың, судың, майда
толтырғыштың (құмның), су мен арнайы қоспаның таңдалған
қосындысын рационалды қатайту нәтижесінде алынатын жасанды
тасты материал.
Тұтқыр зат түрі
бойынша ерітінділер цементті, әктасты, гипсті
және аралас болып бөлінеді (цементті-балшықты, цементті-әктасты,
әктасты-гипсті). Бір тұтқырда дайындалатын ерітінділер қарапайым
болады, ал бірнеше тұтқырда – аралас немесе күрделі болады.
Тығыздығы бойынша ауыр (қарапайым) ертінділер (тығыздығы
— 1 500... 2 200 кг/м
3
) және жеңіл
ерітінділер деп бөлінеді
(тығыздығы — 1 500 кг/м
3
кем).
Жеңіл ерітінділерде қарапайым құмды қожды немесе басқа
борпылдақ толтырушымен алмастырады. Жеңіл ерітінділерді арнайы
көбік тудырушы қоспалар көмегімен алады. Қолданылу мақсаты
бойынша
ерітінділер қалау, монтажды, сылау, арнайы (сәндік,
жылуоқшаулағыш, инъекциялық, гидрооқшаулағыш,
ыстыққа төзімді,
химиялық төзімді) болып бөлінеді.
Қарапайым
ерітінділер
үшін
тұтқыр
заттар
ретінде
портландцементтер,
қожпортландцементтер,
әктас
пен
гипс
қолданылады. Цементті үнемдеу үшін және ерітінді қасиеттерін
жақсарту үшін аралас тұтқыр заттарды пайдаланады.
Ауыр ерітінділерге арналған майда толтырғыштар ретінде кварцты
және шпатты табиғи құмдар, сонымен
қатар тығыз тау жыныстарын
үгітуден алынған құмдар, жеңіл ерітінділерге – кеуектасты, туфты, ұлу
тасты, қожды құмдар қолданылады. Кірпіш пен блокты қарапайым қалау
үшін құм түйіршігінің үлкен өлшемі 2,5 мм аспауы тиіс;