Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет107/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   145
сәулеттік материалтану

138
 
Өндіріс тәсілі бойынша ковролин үш негізгі түрге бөлінеді: тоқымалы,
тафтингті (тоқымалы негіз түкті жіппен тігіледі) және инетесімді тәсіл 
(түкті жіптер алғашқы негізге инелермен қағылады). 
Т о қ ы м а л ы к о в р о л и н ең берік және қымбат болып саналады, 
себебі қарапайым кілемлер сияқты өндіреді. Бұл ковролин табиғи кендір 
негізде дайындалады. Мұндай негіз тор сияқты болады. Бұл түрінде негіз 
жабудың құрамдас бөлігі болады, сондықтан қарқынды тозудан және 
тазалаудан кейін ол қатпарланбайды. Жабын кеңсе орындықтарының 
роликті дөңгелектеріне тұрақты болады, сыртқы тартымды түрін ұзақ 
сақтайды. 
Т а ф т и н г т і т ә с і л д е жіпті инемен тоқымалы және беймата 
негізге түйреледі және латекспен (ақсөл) бекітеді, одан кейін екінші негіз 
қосылады. Бұл технологияның әйгілілігі кілем жабынының әртүрлілігімен 
түсіндіріледі: ілмекті (үстінен ілмектермен), түкті (үстінен түктермен) 
және олардың түрлері. Ілмекті кілемдер қатты болып келеді, бұл олардың 
тозуға төзімділгін қамтамасыз етеді. Бірдеңгейлі ілмекші жабындардан 
басқа, көпдеңгейлі түрлері де бар –олардағы ілмектер әртүрлі биіктікте 
жасалады, сол арқылы беттің көлемді кескіні құрылады. Мұндай кілем
әсерлі көрінгенімен, оны тазалау қиын. 
И н е т е с і м д і к о в р о л и н
алдыңғы екеуіне қарағанда тозуға 
төзімді болып келеді. Жіптер алғашқы негізгі қойылады, одан кейін 
инелермен қадалады; қосымша негіз қосылады (көбінесе резина). Бұл 
жабын түксіз және сыртқы түрі бойынша жұқа киізге ұқсайды. Мұндай 
ковролин қозғалу қарқындылығы жоғары мекемелерде қолданылады: 
театрлар мен кинотеатрлар. 
Флокирленген материалдар — жаңа едендік жабын. Флокирленген 
жабындар үш қабаттан тұрады: түк, винильді төсем және тұрақтандырғыш 
шынытүтік. Түк әртүрлі синтетикалық (нейлон, полиамид) және табиғи 
(вискоза) түтікшелерінен жасалады. Флоктың электрлік өрісі әрекетімен 
(түк, майда кесілген немесе ұсақталған жіп) вертикалды түрде ұшады және
негіз бетіне жағылған желім қабатына қадалады. Одан кейін бұйым 
кептіріледі. Жабынның жалпы жуандығы - 4 мм. Флокирленген 
материалдар 1,5 және 2,0 енінде немесе 0,5 х 0,5 м тақтайша түрінде 
шығарылады.
Флокирленген жабын күдері, тері немесе велюрді еске салады. 
Түгінің жоғары тығыздығына байланысты ішіне су мен кір кірмейді, бұл 
оны тозуға төзімді, дыбыс және жылуоқшаулағыш етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет