Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет121/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   145
сәулеттік материалтану

156
 
Көбікшыны (кеуек шыны) — борпылдақтығы 80... 90% болатын 
кеуек құрылымындағы жеңіл және қатты материал. Оны газтудырушы 
(бор, көмір) элементті қосу арқылы шыны сынығынан алады. 
Көбікшынының тығыздығы — 150.600 кг/м
3

Ауа материалдың 
80.95%-ын 
алады. Көбікшыныдағы тесіктер тұйық болады,
тесікаралық қабырғалардың шыны материалында майда микротесіктер 
болады. 
Борпылдақтықтың 
екі 
түрлі 
қабілеті 
жоғары 
жылуоқшаулағыш қабілетті қамтамасыз етеді (0,06.0,14 Вт/(м • °С)). 
Материал су және су буларын өткізбейді, суыққа төзімді, жанғыш емес, 
отырмайды, қызмет ету мерзімі ұзақ, агрессивті орталарға төзімді, 
жақсы жонылады, бұрғыланады, тегістеледі. Көбікшынының қысу 
тығыздығы 1.3 МПа құрайды; қалыпты температура шектері: -200 
+500°С. Берік кеуекті құрылым жүктемедегі беттерін оқшаулауға 
жарамды болады, қатпарлануды, отыруды, ісінуді, коррозияны, шіруді, 
саңырауқұлақтармен, зиянкестермен бұзылуды болдырмайды. 
Көбікшыныдан жасалған жылуоқшаулағыш блоктар ішкі және 
сыртқы қабырғаларды, іргелерді, жүктемелігі жоғары едендерді
шатырасты 
жабындыларды, 
еңісті 
шатырларды, 
өнеркәсіптік 
тоңазытқыштарды жылыту үшін қолдынылады. Фасонды бұйымдар 
(сурет 14.5, а) топыраққа орнатылатын құбырларды жылуоқшаулау 
үшін пайдаланылады. Көбікшыныдан жасалатын кесек және 
қиыршықтас төсеме жылуоқшаулағыш ретінде жұмыс істейді (сурет 
14.5, б и в).
Ісінген перлит – табиғи перлитті 900...1 200°C температураға дейін
тез қыздыру арқылы алынатын борпылдақ сусымалы материал. Оның 
көлемі 4-20 есе артады. Бұл орын алады, себебі қызу кезінде попкорн 
қағидасы түрінде кеңейетін перлитте байланыстырғыш су болады, ол
борпылдақ ісінген материалды қалыптастырады. Ісінген перлит ақ немесе 
сұр түстегі түйірлері бар құмнан және ауа тұйық тесіктерінен тұрады. 
Түйірлерінің өлшемі -0,1.5,0 мм; перлитті құм тығыздығы — 100...250 
кг/м
3
; жылуөткізгіштігі — 0,046...0,071 Вт/(м-°С); борпылдақтығы - 90 % 
дейін. 
Перлитті құмды перлитобетонды бұйымдарды алу үшін (тақталар, 
жартылай цилиндрлер) жылуоқшаулаушы ерітінділерде және оттан 
қорғаушы сылауларда, сонымен қатар, оқшауланатын беттердің -200 +800 
°С температураларында жылуоқшаулағыш төсемдерде қолданылады. 
Ісінген вермикулит гидрошақпақтас тобынан табиғи вермикулиттің 
ісінуіне дейін тездетілген күйдіру арқылы алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет