160
Фибролит — бейорганикалық тұтқыр зат (портландцемент немесе
магнезитті тұтқыр) және ағаш түгінен дайындалатын тақталы материал.
Ағаш түгін арнайы білдектер көмегімен сүрек қалдықтарынан
ұзындығы 300...500 мм, ені 4... 7 мм жұқа және тар ленталар түрінде
алады. Ол тез өңделеді,
суыққа және ылғалға төзімді, ашық отта
жанбайды, зиянкестермен және жәндіктермен бұзылмайды. Орташа
тығыздығы бойынша фибролит 250-500 кг/м
3
аралығындағы маркаларға
бөлінеді, оның иілудегі тығыздық шегі 0,15.1,80 МПа құрайды және
жылу өткізгіштігі - 0,08.0,10 Вт/(м-°С). Шатырасты жабындарды,
қалқандар мен қаңқалы қабырғаларды оқшаулау үшін пайдаланады
(сурет 14.7).
Арболит — сүрек қалдықтарынан
жасалатын толтырушылардағы
жеңіл бетонның әртүрлілігі (сурет 14.8). Органикалық толтырушылар
әртүрлі шығарылады және бөлшектерінің формалары да әртүрлі болады
(ағаш жыныстарының үгітілген қалдықтары, қамыс жармалары, зығыр
және сора діңшелері). Тұтқыр зат ретінде портландцемент, кейде басқа
бейорганикалық тұтқыр заттар қолданылады. Арболит тығыздығы 700
кг/м
3
; жылу өткізгіштігі - 0,10.0,22 Вт/(м-°С); тығыздығы — 0,5.3,5
МПа; биотөзімді,
қиын жанады, суыққа төзімді, жеңіл өңделеді. Оны
өздігінен көтерілетін және ілінетін қабырғаларды, қалқандарды тұрғызу
үшін, қабырғаларда, қалқандарда және әртүрлі мақсаттағы жабық
ғимараттарды жылуоқшаулағыш материал ретінде пайдаланады.
Тозды жылуоқшаулағыш материалдарды тозды емен қабығының
негізінде өндіреді.
Олар жеңіл және тығыз болады, отырмайды және
шірімейді. Тоз тез кесіледі, химиялық инертті және өте ұзақ қолданылады.
Ол ешқашан зеңмен жабылмайды, электрлік тоқты өткізбейді, жанбайды.
Тоздардан жуандығы
20.50 мм тақтаны дайындайды. Тақталар тығыздығы
— 100.200 кг/м
3
;
жылу өткізгіштігі
— 0,04.0,05 Вт/(м • °С). Оларды ғимараттардың қоршау құрылымдарын
жылуоқшаулау үшін пайдаланады. Жуандығы 2 мм орамалардағы
тығыздалған тоз жылу-дыбыс оқшаулағыш төсем ретінде қолданылады.
Пластмассадан жасалған жылуоқшаулағыш материалдар өндірісінде
шикізат ретінде жылупластикалық (полистиролды, поливинилхлоридті,
полиуретанды) және жылуреактивті (зәртасформальдегидті) полимерлер,
газтудырушы және ісінетін заттар қолданылады. Осылардың барлығы төмен
орташа тығыздыққа, жоғары тұйық борпылдақтыққа ие, бұл жақсы
жылуоқшаулағыш қасиеттерді қамтамасыз етеді.