177
Спиртті лактарды этил спиртінде табиғи және жасанды
шайырларды еріту арқылы дайындайды. Осылай алынған лактар әртүрлі
беттерге жақсы жабысатын жабындарды құрайды, олардың
механикалық тығыздылықтары жоғары және жылтыр болады. Мұндай
беттер жақсы жылтырайды, бірақ суға төзімділігі төмен. Спиртті лактар
әртүрлі түстерде шығарылады (сары, жасыл, көк, қоңыр және басқа)
және ағаш беттерін жылтырату үшін және шынылар мен металдарды
жабу үшін пайдаланылады.
Нитролактарды целлюлоза нитратын белсенді органикалық
еріткіштер қоспасына еріту арқылы алады. Осындай лактарға қажетті
қасиеттерді беру үшін әртүрлі шайырлар композициясын қосады
(аминоформальдегидті, алкидті және т.б). Нитролактар қатты мөлдір,
түссіз және тез кебетін қабаттарды қалыптастырады. Оларды ағаштан
жасалған бұйымдарды лактау үшін қолданады.
Эмаль — лактағы пигменттер суспензиясы. Ол қатты, тығыз және
жылтыр түсті жабынды қалыптастырады. Кейде эмаль құрамының
ұқсастығына байланысты оны эмальді, лакты, бояулы деп атайды.
Эмальді әртүрлі лактары бар құрғақ пигменттерді қажау арқылы
алады және дайын түрде шығарады. Олардың қасиеттері лак түріне
тәуелді болады. Олар тегіс, тығыз, жылтыр және тез кебетін қабатты
береді, жарыққа, суға, коррозияға төзімді. Көпқабатты бетке соңғы
қабатпен жағады. Эмаль жабындарға сәнділік береді және сыртқы
әрекеттерге төзімді етеді.
Глифтал эмалі (ГФ маркасы) металл және ағаш беттерін жақсы
бояйды, бірақ суғатөзімділігі де шектелген, сондықтан оны ғимарат
іштерінде қолданады, металды, сүректі, сылау мен бетонды жабады.
Пентафтал эмалі (ПФ маркасы) ішкі (санитарлық торап және ас-үй)
және сыртқы жұмыстар үшін қолданылады, металды, сүректі, бетон мен
сылауды бояйды. Ол суға төзімді және ұзақ қызмет етеді.
Алкидті-стиролды эмаль (МС маркасы) сүректен жасалған бұйымдарды,
уақытша пайдалануға арналған радиаторлар мен құбырларды өңдеу үшін
қолданады (ағаш және терезе блоктары), себебі оның суға төзімділігі жоғары
және тығыз, атмосфераға төзімділігі төмен және тез бұзылады.
Полиэфирлі эмаль (ПЭ және ПЛ маркасы) сәндік және беріктік
сипаттамалары бойынша басқа эмальдардан асып түседі, себебі олар жоғары
су, жарық, жылу және суыққа төзімділікке ие; тығыздылығы және беріктігі
жоғары, жылтыр болып келеді.
|