Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет133/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   145
сәулеттік материалтану

175
 
Олар болат құрылымдарды коррозиядан қорғайды. Сүректерді, 
бетондарды, сылақтарды ішкі және сыртқы бояуға, қажалатын 
беттерді, сумен жууды талап ететін беттерге арналған майлы 
бояуларды қолданады (едендер, қоғамдық ғимараттар қабырғаларының 
төменгі бөліктері). Майлы бояуларды ылғалды бетке жағуға болмайды. 
Соңғы жылдары майлы бояуларды эмальдермен ығыстырды.
Ұнтақты бояулар – бұл құрамына арнайы қабықтудырушы 
шайырлар, қатайтқыштар, пигменттер, толтырушылар мен жоғары 
температуралы тозаңдау әдісімен қорғау-сәндік жабындарын алуға 
арналған 
мақсатты 
қоспалар 
кіретін 
қатты 
дисперсиялы 
композициялар. Қабықтудыру түріне байланысты бояулардың екі тобы 
бар: жылупластикалық және жылуреактивті. 
Ұнтақты бояулардағы пигменттер мен толтырушылардың құрамы 
1...20% құрайды (бұл сұйық бояуларға қарағанда аз). Жабындардың 
иілгіштігін арттыру және жағуды жеңілдету үшін ұнтықты бояуларға 
пластификаторлар қосылады. Ұнтақты бояуларды тікелей жағу кезінде 
балқығанға дейін қыздырумен жабысқақтық деңгейіне дейін апарады. 
Ұнтақты бояулар артықшылығына органикалық ерітінділердің 
болмауы және өңдеу бетінде дайын бояу қабатының тез алынуы 
(бірнеше минут). Қазіргі таңда ұнтақты бояуларды көбінесе шыны, 
керамикалық, металл құрылымдары мен бұйымдарын бояу үшін 
қолданады. 
Лактар 
— 
бұл 
су 
немесе 
органикалық 
ерітінділерде 
қабықтудырушы заттардың ерітінділері, булану нәтижесінде қатты, 
мөлдір және жылтыр жабын пайда болады. 
Олар мөлдір жабынды алу үшін қолданылады, материалдың 
эстетикалық қасиетін сақтайды және оны сыртқы факторлардан 
қорғайды. Көптеген жағдайларда лак лак-боулы жабынның көпқабатты 
жүйесінде қорытынды қабат болып саналады, бояу қабаттарын 
қорғайды және бояуға айна тәрізді жылтыр береді. Лактар құрамына 
байланысты екі түрге бөлінеді: сулы негізде және еріткіш негізінде. 
Акрилды лактар — су негізінде акрилды немесе винильді 
шайырдан тұратын заманауи лактардың үлкен тобы, сонымен бірге 
органикалық ерітінділер түрінде де болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет