182
Сурет 15.6. Боямалы флизелин түсқағаздары
Винильді түсқағаздар екі қабаттан қалыптасады. Қағаздың (матаның)
төменгі қабаты винильді құраммен жабылады: көпіршіктелген винилмен,
компакт-винилмен, жібекбаспамен. Көпіршіктелген винил борпылдық және
бедерлі кескінді қалыптастырады, ал компакт-винил өңдеу бетін тегістейді.
Жібек жіптерден тұратын түсқағаздар жібекбаспалы деп аталады. Түрлері
бойынша бұл түсқағаздар жібек матаға ұқсас болып келеді. Олар жоғары
сәнділігімен, жарық әсерлеріне тұрақтылығымен ерекшеленеді. Сәндік
тұрғысынан, винильді түсқағаздар – ең қызықты түсқағаз түрлерінің бірі.
Жоғарғы қабаттың айтарлықтай тығыздығы және су өткізбеушілігі
винильді түсқағаздарды жуу құралдарын пайдалану арқылы ылғалды
тазалауды талап ететін мекемелерге жабыстыруға қолданады. Компакт-
винильді түсқағаздар берік болып табылады, оларды щеткамен тазалауға
болады. Винильді түсқағаздардың кемшілігіне олардың ауа өткізбеушілігі
жатады.
Флизелин түсқағаздары екі қабаттан тұрады және синтетикалық
мата түтіктері мен целлюлозаны біріктіретін флизелин материалы
негізінде дайындалады. Олардың екі түрі болады: флизелинді, яғни,
толығымен флизелиннен тұратын; және винильді жабындысы бар
флизелинді негіздегі түсқағаздар. Бұл көбінесе боямалы түсқағаздар
болып табылады (сурет 15.6). Олар сәндік сылауға ұқсайтын немесе
қандай-да бір өрнекті құрайтын фактуралы беттен тұрады. Жоғары
тығыздылығына және беріктігіне байланысты (флизелин қағаздан
берік) қабырға кемшіліктерін жасырады: кедір-бұдырлық, майысқан
жерлерді.
Акрилді түсқағаздар қағаз негіздерінен және түсқағазда бедерлі
кескінді құрайтын көбіктенген акрил қабатынан тұрады. Акрил қағазға
тұтас қабықшамен емес, нүктелі жағылады, сондықтан винильді
түсқағазбен салыстырғанда, бұл түсқағаздар су өткізбейді,
бірақ
|