25
МАТЕРИАЛДАР МЕН СҮРЕК ӨНІМДЕРІ
Сүрек өнімдерін ағаштардың әртүрлі түрлерінің сүректерін өңдеу
арқылы,
сонымен қатар , осы өңдеу қалдықтары негізінде алады.
Оларды құрылыста конструкциялық, әрлеу,жылуизоляциялық,
акустикалық және бойлық бұйым ретінде қолданады.
Дөңгелек орман материалдары бұтақтардан тазаланған ағаш
діңгектерінің бөліктерінен тұрады.
Жоғары шөрке диаметріне
байланысты олар бөрене (диаметр – 14 см кем емес; ұзындық –
4,0...6,5 м), төсем бөрене (диаметр – 8...13 см; ұзындық – 3,9м) және
сырық (диаметр – 3см; ұзындық – 3,9 м) болып бөлінеді.
Араланған материалдарды бөренелерді қалыңдығы 100 мм-ге
дейін және ені екі қалыңдықтан көп; шарықты қалыңдығы 100 мм-ге
дейіе және
ені екі қалыңдықтан көп емес; қоссырықты қалыңдығы
мен ені 100 мм және одан көп (2.3 сур.) тақталарға бөлу арқылы
алады.
Өңдеу сипаттамасы бойынша араланған
материалдар кесілмейтін
(араланбаған немесе жиегі араланған) және кесілетін ( перпендикулярлы
араланған жиектермен) болып бөлінеді.
Ағаш үйлерін тұрғызу үшін қолданылатын қазіргі
қабырға
материалдары – ол ұзындығы бойынша бірдей диаметрге ие
цилиндрленген бөрене, жасау барысында анық форма (профиль)
берілетін профильденген діңгек.Осы материалдың
екеуі де бетті әрлеу
жиілігінің жоғары классына ие.
Антисептиктеу беткі жағу, ванналарда сіңу,
автоклава мен пастамен
өңдеумен жасалады.
Сүректі құрт-құмырсқалардан қорғау үшін оны сіңіру, шашу, тозаңдау
немесе түтіндету арқылы инсектицидтермен өңдейді.
Сүрекке еніп, бұл заттар құрт-құмырсқалардың немесе олардың
дернәсілдерінің көзін жояды немесе олардың өмір сүруіне мүмкін емес
орта жасайды.
Сүректі жанудан сақтау үшін антипирендер қолданады. Сұйық әйнек
негізіндегі отқа төзімді құрамдарды қылқаламмен
конструкция бетіне
жағады немесе арнайы сұйықтықты сіңіреді,ол тиімдірек. Антипирендер
әсері қорғаныс қабық жабындысымен немесе жанудың алдын алатын
газдардың шығуымен жанатын бетті ерітумен байланысты.