Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Бөлінбейтін сүрек пен ағашөңдеу қалдықтары негізіндегі



Pdf көрінісі
бет23/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   145
сәулеттік материалтану

Бөлінбейтін сүрек пен ағашөңдеу қалдықтары негізіндегі 
материалдар өздеріне әртүрлі тығыздық пен бағыттағы конструктивті 
ағаш-жоңқалайтын тақтайлар (ДСП), цемент-жоңқалайтын тақтайлар 
(ЦСП), бағдарлы-жоңқалайтын тақтайлар (ОСП), ағаш-талшықты 
тақтайлар (ДВП),жылуизоляциялық фибролит пен конструктивті-
жылуизоляциялық арболит, сонымен қатар, ішкі және сыртқы 
жұмыстар үшін әрлеу және еден материалы ретінде қолданылатын жаңа 
ағаш-полимерлі композит (ДПК) қосады. 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
▪ 
Аспапсыз көзбен көрінетін сүректің негізгі элементтерін 
атаңыз және оларды сипаттаңыз. 
▪ 
Құрылыста қолданылатын сүректің негізгі түрлеріне сипаттама 
беріңіз. 
▪ 
Сүректің негізгі физико-механикалық қасиеттері қандай? 
▪ 
Сүректі шіру мен жанудан қалай қорғауға болады? 
▪ 
Сүректен жасалатын материалдар,өнімдер мен 
конструкциялардың негізгі түрлерін атаңыз және сипаттаңыз. 


29
 
 3 Бөлім 
ТАБИҒИ ТАСТЫ МАТЕРИАЛДАР 
ҚҰРЫЛЫСТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАУ 
ЖЫНЫСТАРЫ 
Табиғи тас материалдары тау жыныстарының механикалық 
өңделуі (бөлу, аралау, тегістеу,жылтырату, уақтау) нәтижесінде пайда 
болады. Бұл ретте олар бастапқы тау жыныстарын сақтап қалады 
және ғимаратты әрлеу, жол төсеу және т.б. үшін қолданылады. Тау 
жыныстар басқа материалдарды алуда (керамика, әйнек, тұтқырлағыш 
заттар, ерітінді, жылуизоляциясы және т.б.) шикізат ретінде 
қолданылады. Бұл жағдайда олар минералды және химиялық 
құрамының өзгеруіне дейін айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. 
Тау жыныстары– ол геологиялық процесстер әсерінен жер 
қыртысында пайда болған тұрақты құрамның минералды массасы. Бір 
минералдан тұратын мономинералды (мысалы, гипс) және екі немесе 
одан да көп минералдан тұратын полиминералды (мысалы, гранит 
кварц, шақпақ тас, дала шпатынан тұрады) таулы түрлерден тұрады. 
Шығу тегі бойынша таулы түрлер магмалық, шөгінді және 
метаморфтық болып бөлінеді. Шығу тегі жыныстың құрамы, 
жасалуы, қасиеті, және келесіде сол түрдің қолданылу саласын 
анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет