Өмірлік циклдің қосалқы процестері
Қосалқы процестер, ақпараттық жүйенің барлық өмірлік циклінің ажыратылмас бөлігі болып табыла отырып, белгілі бір мақсатпен негізгі процестерді іске асыруды қолдайды және ақпараттық жүйенің тиісті сапасын қамтамасыз етеді. Қосалқы процестер қажет болған шамада пайдаланылып орындалады және басқа процестермен бастамашылық етіледі.
Құжаттау процесі ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің қандай да бір процесін орындау нәтижесі болып табылатын ақпаратты жазу үшін әрекеттерді анықтайды.
Конфигурацияны басқару процесі конфигурацияны басқару бойынша әрекеттерді анықтайды. Бұл ақпараттық жүйе өмірлік циклінің негізгі процестерін, ең алдымен әзірлеу және сүйемелдеу процестерін қолдайтын қосалқы процесс. Әрқайсысы тәуелсіз әзірленетін және сәйкесінше, іске асырылудың бірнеше нұсқаларына және/немесе бір іске асырылудың бірнеше нұсқаларына ие көптеген құрамдастардан тұратын күрделі ақпараттық жүйелердің жобаларын әзірлеуде олардың байланыстары мен функцияларын есепке алу, бірыңғай құрылымды құу және барлық жүйенің дамуын қамтамасыз ету проблемасы пайда болады. Конфигурацияны басқару ақпараттық жүйе өмірлік циклінің барлық сатысында оның әртүрлі құрамдастарына өзгерістердің енгізілуін ұйымдастыруға, жүйелі есепке алуға және бақылауға мүмкіндік береді.
Сапаны қамтамасыз ету процесі ақпараттық жүйе және процестер оларға қойылатын белгілі бір талаптарға сәйкес келеді және белгіленген мәнісін сақтайды деген объективті кепілдеме үшін әрекеттерді анықтайды. Бірлескен бағалау, анықтау, тексеру, аттестаттау сапа кепілдемесі тәсілдері ретінде пайдаланыла алады.
Анықтау процесі жобадан әртүрлі тәуелділік тереңдігімен ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуін анықтау үшін әрекеттерді анықтайды (сатып алушы, жеткізуші немесе тәуелсіз
88
тарап үшін).
Аттестаттау процесі ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуін аттестаттау үшін әрекеттерді анықтайды (сатып алушы, жеткізуші немесе тәуелсіз тарап үшін).
Бірлескен бағалау процесі қандай да бір әрекеттің жағдайы мен нәтижелерін бағалау үшін әрекеттерді анықтайды. Бұл процесс бір тарап (тексеруші, рецензиялайтын) бірлескен форумда басқа тарапты (тексерілетін) тексеретін (рецензиялайтын) кез келген екі тараппен пайдаланылуы мүмкін.
Тексеру процесі талаптарға, мәнісіне және келісім-шартқа сәйкестігін анықтау үшін әрекетті анықтайды. Бұл процесс бір тарап (тексеруші) ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуін немесе басқа тараптың (тексерілетін) қызметін тексеретін кез келген екі тараппен пайдаланылуы мүмкін.
Мәселелерді шешу процесі әзірлеу, пайдалану, сүйемелдеу
немесе басқа процестер кезінде олардың табиғаты немесе дереккөзіне қарамастан мәселелерді (сәйкессіздіктерді қоса алғанда) талдау және жою процесін анықтайды.
Ұйымдастырушылық процестер
Өмірлік циклдің ұйымдастырушылық процестері қандай да бір ұйыммен мына мақсатпен орындалады:
құрамына өмірлік циклдің байланысты процестері мен қызметкерлер енетін төмен тұрған құрылымды құру және жұмысын қамтамасыз ету;
құрылымды және процестерді жетілдіру.
Олар, әдетте, нақты жобалар мен келісім-шарттарға қатысты тұрақты, алайда осындай процестер мен келісім-шарттардан алынған сабақтар ұйымды жетілдіруге ықпал етеді.
Жобаны басқару жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру, әзірлеуші ұйымдарын құру және орындалатын жұмыстардың мерзімі мен сапасына бақылау мәселелерімен байланысты. Жобаны техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге мыналар енеді:
жобаны іске асыру үшін әдістер мен аспаптық құралдарды таңдау;
әзірлеудің аралық күйін сипаттау әдістерін анықтау;
құрылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сынау әдістері мен құралдарын әзірлеу;
қызметкерлерді оқыту.
89
Жобаның сапасын қамтамасыз ету ақпараттық жүйенің құрамдастарын анықтау, тексеру және тестілеу мәселелерімен байланысты. Анықтау – осы кезеңде қол жеткізілген әзірлеудің ағымдағы күйінің осы кезеңнің талаптарына сәйкестігін анықтау процесі. Тексеру – әзірлеу параметрлерінің бастапқы талаптарға сәйкестігін анықтау процесі. Тексеру іс жүзіндегі және күтілген нәтижелер арасындағы айырмашылықтарды анықтау және ақпараттық жүйенің сипаттамаларын бастапқы талаптарға сәйкестігін бағалау үшін өткізелетін тестілеуге ішінара сәйкес келеді.
Басқару инфрақұрылымын құру процесі технологияны, стандарттар мен аспаптық құралдарды таңдау мен қолдауды (сүйемелдеуді), АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, пайдалану немесе сүйемелдеу үшін пайдаланылатын аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдау мен орнатуды қамтиды. Өз кезегінде, инфрақұрылым конфигурацияны басқару объектілерінің бірі болып табылады.
Жетілдіру процесі өмірлік цикл процестерін бағалауды, өлшеуді, бақылауды және жаңғыртуды көздейді. Соңғысы пайдаланылатын технологияны, басқару әдістерін, аспаптық құралдарды таңдау мен қызметкерлерді оқытуды жетілдіру есебінен оларға қатысатын барлық мамандардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған. Жетілдіру әр процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдауға негізделеді. Оқыту процесі бастапқы оқытуды және қызметкерлер біліктілігін кейінгі тұрақты арттыруды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |