Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



бет15/75
Дата31.10.2023
өлшемі2.2 Mb.
#481980
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75
aparatty-zhjeler

АЖ құрылымы


Қазіргі ақпараттық жүйелер сақталатын және өнделетін ақпараттың зор көлемімен, оны ұйымдастырудың күрделілігімен, сондай-ақ пайдаланушылардың әртүрлі талаптарын қанағаттандыру қажеттілігімен сипатталады.


Деректерді ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері мен оларға
қолжетімділіктің әдістері бар. Ақпараттық жүйелердің дәстүрлі құрылымдық шешімдері бөлінген файл-серверлерді немесе деректер базаларының (ДБ) серверлерін пайдалануға негізделген. Интернет технологияға негізделетін корпоративтік ақпараттық жүйелердің құрылым нұсқалары да бар. Қазіргі уақытта «деректер қоймасы» (DataWarehouse) тұжырымдамасына – әртекті ақпараттық ресурстар енетін біріктірілген ақпараттық ортаға негізделетін ақпараттық жүйе құрылымының өзге түрі бар. Ғаламдық үлестірілген ақпараттық қосымшаларды құру үшін ақпараттық-есептеу құрамдастарын объектілі-бағдарлы тәсілдеме негізінде біріктіру құрылымы пайдаланылады.

29


      1. Файл-сервер құрылымы

Файл-сервер құрылымында деректер базалары серверде сақталады, клиент


. Деректер базасының өзі желілік файл-серверде жалғыз данада сақталады. Әр тұтынушы үшін жұмыс уақытында деректердің жергілікті көшірмесі құрылып, ол онымен іс-қимылдар жасайды. Бұл ретте бір ақпаратқа бірнеше пайдаланушылар бірмезгілде ықтимал қол жеткізуімен байланысты мәселелер пайда болуы мүмкін. Мұндай мәселелерді деректер базалары қосымшаларын әзірлеушілер шешеді (деректерге жүгінген кезде әрдайым серверге файлдық пәрмендермен жүгініп, ал барлық ақпараттық ресурстарды басқару тетігі тұтынушы компьютерінде орналасады.
Файл-серверлік деректер базалары көп клиенттерге желі арқылы қолжетімді болуы мүмкінолардың қолжетімділігі тексеріледі).
Файл-сервер құрылымы айтарлықтай кемшіліктерге ие. Олардың бірі желінің өнімсіз жүктелуі. Тұтынушының қолдануы кезінде оның жергілікті көшірмесіндегі деректері сервердегі деректер базасынан толығымен жаңартылады. Тіпті қолдану бір жазбаға ғана қатысты болса да, деректер базасының барлық жазбалары жаңартылады. Егер деректер базасындағы жазбалар көп болса, онда тұтынушылардың аз санының өзінде-ақ желі түпкілікті жүктеліп, сұрауларды орындау жылдамдығына әсер етеді. Желіде артық ақпараттың үлкен көлемінің айналуы нәтижесінде желіге жүктеме күр өседі, бұл оның жылдам әрекет етуінің және жалпы ақпараттық жүйе өнімділігінің тиісті төмендеуіне әкеледі. Елеулі желілік трафик төмен жылдамдықты байланыс арналары арқылы файл-серверде деректер базаларына қашықтан қолжетімділікті ұйымдастыру кезінде білінеді.
Келесі кемшілігі жұмыстың мұндай ұйымдастырылуы кезінде деректердің бүтіндігі тұтынушылардың бағдарламаларына жүктелетіндігімен байланысты. Негізінде файл-серверлік жүйелер құрылатын дәстүрлі құралдардың бірі болып жергілікті ДББЖ табылады. Мұндай жүйелер, әдетте, деректердің бүтіндігін қамтамасыз ету талаптарына жауап бермейді, атап айтқанда, олар транзакцияларды өндеуді қолдамайды (құжаттармен аяқталған операцияларды). Сондықтан оларды пайдаланған кезде деректердің бүтіндігін қамтамасыз ету міндеті клиенттік қосымшаларға жүктеледі, бұл олардың күрделенуіне әкеледі. Егер олар жеткілікті түрде мұқият ойластырылмаса, деректер базасына барлық пайдаланушыларға әсер етуі мүмкін қателерді енгізу оңай.
Бұдан басқа, файл-серверлік құрылымда деректер базасында бір пайдаланушы жасаған өзгерістер басқа пайдаланушыларға

30
көрінбейді. Бір пайдаланушы қандай да бір жазбаны түзетіп жатқанда, ол басқа клиенттер үшін бұғатталған. Жазбаларды бұғаттаумен байланысты, жекелеген пайдаланушылардың жұмысын дәл сәйкестендіру қажеттідігі туындайды.


Тағы бір кемшілігі – деректер базасын басқару әртүрлі компьютерлерден жүзеге асырылады, сондықтан қолжетімділікті бақылауды, құпиялылықты сақтауды ұйымдастыру айтарлықтай қиын, бұл да деректер базасының бүтіндігін қолдауды күрделендіреді.
Дегенмен, файл-серверлік құрылым өзінің қарапайымдылығы мен қолжетімділігімен тартымды. Сондықтан файл-серверлік ақпараттық жүйелер әлі күнге дейін шағын жұмыс топтары үшін қызықты болып, тіпті кәсіпорын ауқымында да ақпараттық жүйелер ретінде пайдаланылады.

      1. Тұтыну-сервер құрылымы

Тұтыну-сервер құрылымы файл-серверлік қосымшалар проблемаларын қосымша құрамдастарын бөлу және оларды олар ең тиімді қызмет ететін жерде орналастыру жолымен шешуге арналған. Тұтыну-сервер құрылымының ерекшелігі болып құрылымдалған сұрау тілдерінде (Structured Query Language, SQL) сұрауларды қабылдайтын және ақпаратты іздеуді, сұрыптауды және біріктіруді орындайтын деректер базаларының бөлінген серверлерінің бар болуы табылады. Деректер базалары серверлерінің ерекше белгісі – деректер базасының құрылымы, деректер бүтіндігінің шектеулері, бағдарламада шақырту бойынша немесе оқиғалар бойынша деректерді өндеудің серверлік рәсімі жазылған метадеректер қоймасының бар болуы. Мұндай қосымшаларды әзірлеу объектілері болып, диалог пен өндеу логикасымен қоса, ең алдымен деректердің реляциялық үлгісі және онымен байланысты деректер базасына үлгі сұрауларға арналған SQL -операторларының жинағы табылады.


Тұтыну-сервер тұғырнамасындағы деректер базасы пайдаланушылардың көп саны бар жүйелер үшін қолданылады. Бұл жағдайда тұтынушы тобы үшін деректер базасына қолжетімділік арнайы компьютер-сервермен орындалады. Тұтынушы серверге деректер базасын жаңарту немесе іздеу операцияларын орындауға тапсырма береді. Сұрауларға бағдарланған күшті сервер оларды орындап, тұтынушыға өз жұмысының нәтижесін хабарлайды. Жұмыстың осындай ұйымдастырылуы сервер қуатын пайдалану есебінен қосымшаларды орындау тиімділігін арттырады, деректердің бүтіндігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Тұтыну-сервер деректер базасында қосымша мәселе

31
туындайды – қосымшаны ол сервер мүмкіндігін барынша пайдаланып, желі арқылы ақпараттың минимумын жіберіп, желіні минимал жүктейтіндей етіп жобалау. Желіге жүктемені қысқарту, қосымшаларды әкімшілендіруді жеңілдету және қашықтағы ДБ тұтынушылық қосымшалардың жұмысын жеделдету үшін шешімді қабылдаудың барлық логикасы сақталатын рәсімдер түрінде рәсімделіп, деректер базасы серверінде орындалады. Сақталатын рәсімдер параметрлерді қабылдайтын немесе қайтаратын және ДБ сұрауларды, шартты тармақтану мен циклдық өндеуді орындауға қабілетті қосалқы бағдарламалар болып табылады.


Сақталатын рәсімдер арнайы алгоритм тілінде жазылады. Оларда ДБ сұраулардың жиі қайталанатын реттілігі бағдарламаланады. Рәсімдер мәтіні серверде құрастырылған түрде сақталады. Сақталатын рәсімдерді пайдаланудағы артықшылықтар:

  • әр сұрауды синтаксистік тексеру және орындау алдында оны құрастыру қажеттілігі жоқ болады, бұл сұрауларды орындау жылдамдығын арттырады;

  • тұтынушылық бағдарламада сақталатын рәсімдердің денесінде белгіленген сұрауларды іске асыру қажеттілігі жоқ болады;

  • транзакцияларды өндеу жылдамдығы ұлғаяды, өйткені ұзын SQL -сұраудың орнына желіде сақталатын рәсімге салыстырмалы қысқа сұрау жіберіледі.

Сақталушы рәсімдер қосымшалар мен ДБ бүтіндігін жақсартады, ұжымдық операциялар мен есептеулердің өзектілігіне кепіл береді. Осындай рәсімдерді қолдану қауіпсіздікті жақсартады.
Алайда сақталушы рәсімдердің қолданбалы логикамен шамадан тыс жүктелуі сервердің артық жүктелуіне әкеп соғатынын есте сақтау қажет, бұл өнімділікті жоғалтуға әкеледі. Бұл проблема ірі ақпараттық жүйелерді әзірлеу кезінде өте өзекті. Сондықтан көптеген жағдайларда ымыралы шешім қабылдауға тура келеді: қосымша логикасының бөлігін сервер жағында, бір бөлігін тұтынушы жағында орналастырған жөн. Мұндай тұтыну- серверлік жүйелерді логикасы бөлінген жүйелер деп атайды.
Сипатталған құрылым екі деңгейлік болып табылады және
«қалың клиент» деп аталады (1.7 сур.).
Тұтыну-сервер құрылымын жасау көптерминалды жүйе негізінде де мүмкін. Бұл жағдайда қосымшалар серверінің көп міндетті ортасында пайдаланушылардың бағдарламалары орындалып, ал тұтынушылық тораптар құлдырап, терминалдармен ұсынылған.
32




    1. сур. Клиент-сервер екі деңгейлік құрылымы

Қазіргі уақытта тұтыну-сервер құрылымы корпоративтік деңгейдегі ақпараттық жүйелер мен жұмыс топтарына арналған қосымшаларды ұйымдастыру тәсілі кең таралған. Мұндай ұйымдастыру деректер базасы серверінің мүмкіндіктерін пайдалану, желідегі жүктемені азайту және деректердің бүтіндігін бақылауды қамтамасыз ету есебінен қосымшалар жұмысының тиімділігін арттырады. Ақпараттың қауіпсіздігін арттыру барлық тұтынушылардың сұрауларын өндеу серверде орналасқан бірыңғай бағдарламамен орындалуымен байланысты.


Сервер ДБ пайдаланудың барлық пайдаланушылар үшін ортақ ережелерін белгілейді, атап айтқанда бір жазбаны әртүрлі пайдаланушымен өзгертуге тыйым сала отырып, тұтынушылардың деректерге қолжетімділігі режимдерін басқарады.
Сонымен бірге тұтынушының қосымшаларда ДБ бақылаумен және оған қолжетімділікті шектеумен байланысты кодтың болмауы есебінен олардың күрделілігі азаяды.
Тұтыну-сервер құрылымының екі деңгейлік схемалары
пайдаланушылары көп және логикасы шатастырылған күрделі ақпараттық қосымшаларда біршама мәселелерге әкелуі мүмкін. Көп деңгейлі құрылымды пайдалану мұндай проблемалардың шешімі бола алады.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет