Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


Корпоративтік ақпараттық жүйелерді енгізу



бет62/75
Дата31.10.2023
өлшемі2.2 Mb.
#481980
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75
aparatty-zhjeler

Корпоративтік ақпараттық жүйелерді енгізу


Бизнес-үдерістері түсінігімен, кейбір бизнес-міндеттер немесе кәсіпорын мақсатын бірлесіп жүзеге асыратын логикалық байланысты қайталанған әрекеттер тізбегін түсінуге болады.


Сол кезде бизнес-үдеріс — бұл бір жұмыс орнынан екінші жұмысм орнына өтетін, қандай да бір кезеңде жасалатын және нәтижелерге ие болатын жұмыс (оқиға) ағыны ( 5.10-сурет).
Заманауи үдерістік-бағдарлы ұйым — бұл бір жағынан мамандандырылған атқарымдық бөлім, екінші жағынан, бизне- үдерістер жиынтығы. Әрбір бөлімде жекелген бизнес-үдерімстер қызметі жүзеге асырылады, ал осы ұйым қызметкерлері, класикалық атқарымдық бағынудан басқа, орындалатын бизнес-үдерістер шеңберінде, осы үдерістердің сәйкес иеленушілерінің бағынады.
Қазіргі уақытта көптеген отандық кәсіпорындар атқарымдық
бағытталған ұйымдар болып табылады, оның құрылымы үдерістік ұйымдармен салыстырғанда, орындалатын қызметтерге сәйкес құрылған тік топологияға және жоғарыдан төменге дейін қатаң иерархиялық бағыныштылыққа ие.
Осындай ұйымдардың кемшілігі — соңғы нәтижеге жауапты лар, үдеріс иелерінің болмауы және бөлімшлелер арасындағы еріксіз бұзушылық бәсекелестіктің болуы мен соңғы нәтижеден қызметкерлердің қол үзуі. Осындай кәсіпорныдардың бизнес-

181
үдерістері сегменттелген, яғни, жеке алынған атқарымдық бөлімшелер шеңберінде болады, ал жекелеген құрылымдармен орындалатын қызметтердің тьиімділігі, көбінесе барлық үдеріс тиімділігінің зиянға ұшырауымен қол жеткізіледі.


Осындай ұйымдарда, бөлімшелер арасында ақпарат алмасу мен өзара іс-әрекет аса күрделенген, осыған ұқсас кәсіпорындарға ақпараттық жүйелерді жекелеген қызметтерді кезекті автоматтандыру арқылы енгізуге әрекет ету ең жақсы дегенде енгізілген артқарымдықты біріктірудің мүмкін болмайтындығына, ал ең жаман дегенде- жобаның сәтсіздікке ұшырауына әкеледі.







5.10-сурет. Бизнес-үдеріс мысалы




Біршама қаражатты жұмсай отырып, кәсіпорын инвестициядан күтілген қайтарымды ала алмайды.
Шын мәнінде ақпараттық жүйелер — белгілі қолдану жағдайларымен жүйелерді баптау, қолданушыларды бағдарламалық өнімменн жұмыс істеуге үйрету үдерісі. Енгізу үш кезеңде өтеді.

  1. Бизнес-үдерістерді жоба алды тексеру.

  2. Енгізу жобасын жүзеге асыру.

  3. Енгізу жобасын аяқтау.

Бизнес-үдерістерді алдын ала жобалық тексеру сатысында келесі жұмыстар атқарылады:

      • ақпараттық жүйені енгізу бойынша кезеңдік жоба әзірлеу;

      • қолда бар бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу/жасап бітіру үшін техникалық тапсырмаларды бекіту;

182
— енгізу бойынша жұмыс мерзімі мен құныны келісу.
Енгізу жобасын жүзеге асыру сатысында бағдарламалық өнімді пилоттық енгізу, жұмыс орындарын реттеу, ақпараттық технологиялармен жұмыста тапсырыс берушінің мамандарын алғашқы оқыту жүргізіледі. Осымен қатар, автоматтандырылған үдерістер рәсімдерінің орындалуын сипаттайтын, оған реттемелерді енгізу арқылы ұйымның нормативтік базасын кеңейту жүргізіледі. Бұлай болмаған жағдайда, автоматтандырылған рәсімдер мен ұйымның қалған үдерістері арасында келіспеушілік туу қаупі бар.
Енгізу жобасын аяқтау сатысында келесілер болады. Тәжірибелік пайдалану аяқталуына қарай бағдарламалық қамтамасыз ету өнеркәсіптік пайдалануға көшеді, тапсырыс берушінің қызметкерлері үшін оқыту семинарлары өткізіледі, тапсырыс берушімен ақпараттық жүйелерді табысты пайдалану үшін жан-жақты қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге, осы сатыда ұйымның қолданыстағы қызметтерін жалпы стандарттау бойынша жұмыстар атқарылады.
Атқврымдық-бағытталған ұйымдарда ақпараттық жүйені енгізу кезінде бизнес-үдерістерін ойластыру және жетілдіру тұрғысынан, кәсіпорынның қызметін қайта ұйымдастыру аса өткір болып шықты. Жағдайды өзгертуде үдерістік тәсіл, яғни ұйымда олардың сәйкестендірілуі және өзара әрекет етімен қатар үдерістер жүйесін қолдану танылды. Бұл тәсілдің артықшылығы үдерістік және атқарымдық ұйымдарды салыстыру кезінде елеулі болып саналды, ал оның пайдасына қосымша тұжырымдар сапа менеджменті жүйесінде үдерістік тәсілдерді қолдануға бағдарлану болып табылады.
Ақпараттық жүйелерді енгізуге қатысты тәсілдер де, атқарымдық немесе үдерістік болуы мүмкін. Сонымен бірге, әртүрлі тәсілдің елеулі айырмашылығы енгізу жобасын дайындау сатысында жақсы білінеді.
Егер кәсіпорын жекелеген қызметкерлер қызметін немесе кәсіпорын қызметін автоматтандыруға оқталса, онда атқарымдық тәсілдер айқын: кәсіпорынның жекелеген қызметтерін автоматтандыру. Осындай автоматтандырудың анағұрлым ықтим ал нәтижелері — орындау мерзімін қысқарту және осы қызметтердің сапасын арттыру. Сонымен бірге, жүйеден қолданушыларға, сәйкес қызметтерді орындау кезінде барынша жайлылықты қамтамасызету талап етіледі, ал бұдан әрі туындаағн ақпаратты бұдан әрі қолдану мәселесі екінші кезекке жылжытылды.
Анағұрлым үлкен нәтижеге, үдерісті тәсілді қолдану және

183
.үдерістік енгізуді жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Автоматтандыру нысаны, бұл жағдайда өтпелі бизнес-үдерістер қолданылады. Міндеттерді қою кезінде ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы жүзеге асырылуы қажет деректерді сәйкестендірген дұрыс. Әлбетте, автоматтандырылған үдерістерді ірікте тиімділікті арттырудағы корпоративтік стратегияға сәйкес келуі тиіс. Таңдап алынған бизнес-үдерістер талдауға ұшырайды және содан кейін ақпараттық жүйелерді жүзеге асыру тұрғысынан жобаланад. Осындай тәсілде жекелеген қызметтерді автоматтандырудан синергетикалық нәтиже болады, себебі жүйедк қызметерлердің бірлескен қызметі мен кәсіпорын қызметі ұйымдастырылған. Жобаланған үдерістер негізінде енгізілген атқарымдық (жұмыс орындарының кескіндемесі) көлемі анықталады, ол үдерістердің қажеттіліктерін жабады, содан кейін ғана жүйеде таңдап алынған жүйелерді жүзеге асыру жүреді.


Жүзеге асыру болжанатын қызмет, енгізу жоспарын дайындау
сатысын жатқызылады. Дайындықты атқарымдық енгізуге жалғасымз уақытты алады: бастапқы кезеңдерде атқарымдық тәсілжылда нәтижені талап етеді. Үдерістік енгізуді дайындау біршама ұзақ уақытты және анағұрлы көп шығынды алап етеді, бірақ түбегелі басқа деңгейді, бірінші нұсқаның ықтимал артықшылығын бірнеше есе асып түседі.
Үдерістік енгізу туралы айтар болсақ, бизнес-үдерістерді үлгілеу
үшін қолданылатын құралдар туралы еске салмаған жөн
Үдерістік тәсіл өз бетімен бизнес-үдерістерін сипаттау және жобалау құралдарына қатысты ерекше талартар қоймады, алайда мамандандырылған құралдарды қолдану, стандартты кеңсе бағдарламаларымен бірге, даусыз артықшылықтар көлеміне ие, мысалы:

  • графикалық үлгілер түрінде бизнес-үдерістерді ұсыну;

  • бірыңғай үлгілеу стандартының болуы;

  • үдерістік тәсілге бағдарлану;

  • ұйым әртүрлі пікірлерді бірге қолдана отырып, бір нысандарды әртүрлі диаграммаларда қолдануға мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық базаның болуы;

  • әзірленген үлгі бойынша әртүрлі есептерді тудыру мүмкіндігі

  • оған қоса, арнайы қолданшумыен әзірленген есептер;

  • Интернет желілерінде және Интернетте бірлескен жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі және т.б.

Үдерістік тәсілдерді қолдану және бизнес-үдерістерін жетілдіру жағдайында ақпараттық жүйелерді енгізу нені береді?

184
Дерекөздердің ақпараттық ортасы мен ақпаратттыы тұтынушылар, бәрінен бұрын, қағаз түріндегі құжаттардың тағайындалуын түбегейлі өзгертуге және оны ақпаратты тасығыш, ал сәйкес дерекқордың ақпараттық нысаны негізінде қалыптасқан есеп түрінде қарастыруға мүмкіндік береді.


Қағаз түріндегі құжат заңды мәртебені тасығыш болып отыр және бланкіде басып шығарылған базадан алынған деректер жиынтығы. Сонымен бірге, файл (электронды құжат) жүйенің ажырамас бөлігі болып саналатын орталықтандырылған электронды мұрағатта сақталады және дерекқор нысандарымен байланысады, соның негізінде алынады. Ақпаратты құрушылар (құрастырушылар, қаржыгерлер, технологтар және т.б.) және тұтынушылар тікелей сәйкес ақпараттық нысанмен жұмыс істейді, осылайша оларға ұсынылған жүйелермен құқықтар шеңберінде электронды құжаттарға қол жетімділікке ие болады.
Қарастырылатын жұмыс тәсілінің - кәсіпорындағы үдерістерді ұйымдастыру тұрғысынан негізгі артықшылықтарын атап көрсетеміз.

  1. Көп жағдайларда ақпаратпен шынайы бірлескен жұмыс, ақпараты кезекті өңдеу тәслінен қатар тәсілге дейін өтуге мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, бизнес-үдерістерді қатар қолдану, әзірлеу мерзімін біршама қысқарту және осындай операцияларға уақытты үнемдеу мүмкіндігі байқалады, атап айтқанда мысалы, келісу, құжаттамаларды бекіту және өзгерістер енгнізу.

  2. Бірыңғай ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу үдерісті ашық әрі басқаруға қолайлы етеді, және әр қатысушы нәтижені және үдерістегі өзінің рөлін көреді. Осындай жұмысты ұйымдастыру үдеріс шеңберінде атқарымдық бөлімшелер тізбегі мен жекелеген қызметкерлерді үдеріс шеңберінде құруға мүмкіндік береді.Ақпараттық жүйені қолдануды есепке ала отырып, үдерістерді жобалау кезінде, әдетте, бір-бірін толық әрі ішінара қайталайтын, сонымен қатар қолданыстан мүлде шығарылатын бір қатар құжаттар анықталады, себебі ондағы бар ақпарат анағұрлым тиімді жолмен алынуы мүмкін.

  3. Дерекқордан есеп түрінде алынған және мұрағатта сақталған құжат, кәсіпорынның ақпараттық базасы және оның зияткерлік меншігі болады. Бұл адам факторы әсерін төмендетеді, сонымнен бірге ақпараттың бұрмалануы мен жоғалу қаупін төмендетеді.

Өкінішке орай, ақпаратпен жұмыс істеудің атап көрсетілген ұқсас тәсілдерінің артықшылықтары ақпараттық жүйелерді енгізу кезінде белгілі мәселелер тудырады. Кәсіпорынның атқарымдық

185
бөлімшелері, әдетте өз атқарымдық саласында тәртіп орнатуды жөн санайды және үлкен мақсат бөлігі болуға бейім емес. Бөлімше жеке қызметтерін ұштау және жетілдіруге ұмтылады, барлық үдерістің тиімділігі туралы аса ойласпайды және ешбір құлшыныссыз бизнес- үдерістерді оңтайландыру талаптарына сәйкес қызметті қайта ұйымдастыру қажеттілігін қабылдайды.


Заманауи ақпараттық жүйелер негізделетін қағидаттар, кәсіпорын қызметкерлернің бірлескен қызметтерін ұйымдастыруды шамалайды және үдерістік тәсілді көрсету болып саналады. Үдерістік тәсілді қабылдай отырып, кәсіпорын үдерістік енгізу тұжырымдамасын қабылдауы және онымен сөзсіз келісуі қажет. Олай болмаған жағдайда, жоба алғашқы қадамнан бастап сәтсіздікке ұшырайды.
Белгілі болғандай, кіршіксіз жүйе болмайды. Ақпараттық жүйені енгізу кезінде, үдерістерді жүзеге асыру тәсілдеріне кейбір шектеулер қойылады, сондықтан да «қалай болуы қажет» үдерістерін жобалау үдеріс талаптары мен ақпараттық жүйелер арасындағы шарасыз келісіммен туындайды. Бәлкім, ақпарттық жүйе бизнес-үдерістерді көршілес, сегменттелмеген тұтастай автоматтандырады, сонымен бірге өндірістік жоспарлау мнен есепке алу міндеттерін шешу үшіе деректерді тиімді қолдана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет