Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет42/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   158
операциялық жуйелер

54
 
2) ordered деп аталатын түрі writeback ұқсайды, бірақ журналға жазба 
файлда өзгерістер болғаннан кейін жүргізіледі; 3) journal, файлдық жүйе 
құрылымы туралы ақпаратпен бірге деректердің өзгерісі туралы да 
ақпараттар сақталады. Ең сенімді және ең баяу журналдау түрі journal 
болып табылады, ал сенімділік аз және тез журнал — writeback.
ext3fs файлдық жүйе журналданудың осы барлық түрлерін қолданды 
және ext2fs салыстырғанда әлдеқайда сенімді болды. Бірақ оның үлкен 
кемшілігі ext2fs қарағанда жылдамдығының өте төмен болуы.
Файлдық жүйе жұмысының жылдамдығымен мәселені шешу үшін 
және де басқа параметрлерін жақсарту үшін ext4fs файлдық жүйесі 
ойлап шығарылды. Бұл файлдық жүйе де журналданады, сонымен 
қатар, ол көлемі өте үлкен бөлімдерді қолдайды. Сонымен қатар оған 
экстенттерді сүйемелдеу қосылған, яғни файлдарға тек блоктанып 
бекітілген жады көлемін ғана емес, сипаттамасы үшін бір дискрептор 
қолданылатын, бірнеше блоктарды біріктіретін үлкен жады көлемін 
бөліп беру мүмкіндігі бар. Бұл файлдық жүйе ext3fs және оның алдында 
пайда болған файлдық жүйелерде шектеулі болған 32 000 каталогтарды 
жасауға мүмкіндік берді. 
2.5.2. 
Windows файлдық жүйелерін ұйымдастыру 
процесі 
Ең көне және ең танымал файлдық жүйелердің бірі FAT. Ең бірінші 
MS DOS операциялық жүйесі үшін жасалған файлдық жүйе 
қарапайымдылығына, жылдамдығына және тиімділігіне байланысты кең 
таралды.
Бұл файлдық жүйенің құрылымы өте қарапайым болды (сурет-2.12). 
алдымен жүктеу секторы орналасады, одан кейін — файлдарды 
орналастыруға арналған екі кесте (File Allocation Table — FAT, файлдық 
жүйенің атауын осылай етіп алынды, екінші FAT біріншісінің толық 
көшірмесі және оның зақымдалғанда қажет болады деген мақсатта 
сақталады), түбірлік каталог және файлдар. 
Жүктеу 
секторы 
ФЖ 
жайлы 
мәлімет 
Қосымша 
секторлар 
FAT#1 
FAT#2 
Түпкі 
каталог 
(FAT 
12/16) 
Мәліметтер 
Сурет-2.12. ҒАТ файлдық жүйесінің құрылымы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет