9
1 тарау
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ ТҮСІНІК
Пайдаланушы операциялық жүйе ортасында өз тапсырмаларын
шешкен кезде деректерді және оларды өңдеуге арналған аспаптық
(бағдарламалық) құралдарды анықтау керек. Пайдаланушының
тапсырмасын орындау көп жағдайда бірнеше құралдарды кезегімен
пайдалануға алып келеді (мысалы, деректерді енгізу, саралау, біріктіру,
шығару).
Операциялық жүйе пайдаланушыға құралдардың бастапқы
жинағын және деректерді сақтау ортасын береді, сонымен қатар
құралдарды пайдалану кезегін басқару құралымен қамтамасыз етеді.
Пайдаланушы ОЖ ұсынатын құралдарды пайдаланып, бір немесе
бірнеше кезектегі тапсырмаларды орындайтын уақыт интервалы сеанс
деп аталады.
Кез-келген сеанс алдында пайдаланушы өзін сәйкестендіреді,
соңында сеанс аяқталғанын көрсетеді. Бағдарламалық құрал-
саймандарды кезекпен пайдаланудың сипаттамасы тапсырма деп
аталады, ал тілдің өзі — тапсырмаларды басқару тілі.
Көптеген операциялық жүйелерде тапсырмаларды орындау
командалық интерпретатормен жүргізіледі, оның толық анықтамасы
алдағы тақырыптарда беріледі.
Әдетте пайдаланушыға командалық интерпретатормен байланыс
жасау үшін қандай да бір интерфейс беріледі, оны пайдаланғанда
командалар пернетақтадан енгізіледі, ал олардың нәтижесі экранға
шығарылады. Осындай интерфейс терминалдың логикалық түсінігімен
байланыстырылады — кіріс құрылғысы (қарапайым пернетақтаның)
мен шығыс құрылғысының (мәтіндік ақпаратты шығаратын дисплей)
жиынтығы. Қазіргі уақытта пайдаланушының графикалық интерфейсі
көп қолданысқа ие (GUI), ол бұл оқулықта қарастырылмайды [2].
Бағдарлама (жалпы жағдайда) — дискте сақталатын (немесе басқа
|