Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Кесте - В.1. Пайдаланушылар рольдері



Pdf көрінісі
бет5/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   158
операциялық жуйелер

Кесте - В.1. Пайдаланушылар рольдері 
Нөмір
Роль
Тапсырмасы 
Кіріс тілі
1
Желілік
бағдарламашы
операциялық жүйе 
қызметтерін кеңейту
Төмен деңгейлі тілдер, оның 
ішінде ассемблер
2
Желілік
әкімші
операциялық жүйені 
конфигурациялау және 
пайдаланушыларды тіркеу
Конфигурациялық файлдар 
форматтары және 
әкімшілендіру құралдарын 
басқару тілдері 
3
Оператор
Жүйені ағымдағы 
әкімшілендіру, 
бағдарламалық 
қамтылымды орнату/өшіру, 
оны баптау 
Конфигурациялық орнататын 
файлдар және орнатылатын 
бағдарламалық 
қамтылымның форматтары
4
Аппараттық 
қамтамасыз ету 
маманы
Аппаратураға қызмет 
көрсету, оны пайдалануға 
енгізу, пайдаланудан 
шығару 
Құрылғыны күйге келтіру 
құралдарының және нақты 
ОЖ пайдалану тілдері
5
Қолданбалы
бағдарламашыл
ар
Қолданбалы тұтынушының 
тапсырмаларын орындауға 
арналған бағдарламалық 
қамтымды ойлап шығару 
Жоғарғы деңгей тілдері, ОЖ 
ядросын жүйелік шақыру 
интерфейсі
6
Деректер
Стратор 
әкімшісі
Жүйе деректерін 
мұрағаттау, ақпараттық 
қорларды басқару (деректер 
қоры, анықтамалар)
Қолданыстағы
бағдарламалық құралдардың 
басқару және конфигурация 
тілдері
7
Қолданбалы 
тұтынушы
Дайын бағдарламалық 
қамтылым көмегімен нақты 
қолданбалы 
тапсырмаларды шешу
ОЖ тапсырмаларын басқару 
тілдері, бағдарламалық 
құралдар пайдаланатын 
басқару тілдері


7
 
Бұл оқулық ең алдымен орта білім беретін мекемелердің 
студенттеріне, қолданбалы бағдарламашыларына және операциялық 
жүйелердің пайдаланушыларына арналған, алайда ол ОЖ ортасында 
бағдарламалау және әкімгерлік мәселелерін де қозғайды. 
Оқулықта айтылған ақпараттардың көп бөлігі UNIX және Windows 
буының операциялық жүйелерінде бар жалпы механизмдер мысалында 
беріледі. Материалдардың жарты бөлігі DOS тобының операциялық 
жүйелері үшін де қолданылады (Windows арналған тапсырмалар 
бөлімі).
Негізгі оқу операциялық жүйе ретінде кең таралған ОЖ Linux және
Windows 7 операциялық жүйесі қарастырылады, дегенмен, кітаптағы 
материалдардың көп бөлігі UNIX-жүйесі және NT тобының Windows 
барлық негізгі нұсқаларына қолданылады.
Оқулық үш бөлімнен және қосымшадан тұрады:
■ 
кіріспе терминологиясы алдағы тарауларда айтылатын ақпараттың 
барлығына сүйенетін операциялық жүйелердің жұмыс жасау 
қағидасы мен негізгі түсініктерінің анықтамасынан тұрады; 
■ 
1 — 6 тараулар оқырманға операциялық жүйелер сүйемелдейтін 
объектілердің: жады, файлдар, пайдаланушылар, тапсырмалар және 
олармен жұмыс жасау тәсілдері даму тарихының деңгейлері туралы 
түсінік қалыптастырады;
■ 
7 — 10 тараулар оқырманның файлдар мен пайдаланушылар туралы 
білімін тереңдетеді, ОЖ әкімшіліктендіру мәселелерін қозғайды.
Сонымен қатар UNIX және Windows операциялық жүйелер 
сүйемелдейтін процесстердің бір-бірімен байланысу және оларды 
басқару механизмдерін қарастыру сұрақтары енгізілген;
■ 
Қосымша «Білімді бақылау» жүйесі каталогының құрылымы 
бойынша және UNIX операциялық жүйелердің негізгі командалары 
бойынша анықтамалық ақпараттан тұрады.
Оқулықтың әр тарауы өзін-өзі тексеруге арналған бақылау 
сұрақтарымен аяқталады. 
Кітап көлемінің шектеулігінен кітапта мынадай сұрақтар 
қарастырылмаған:
■ 
ОЖ генерациясы (ядро конфигурациясы, әкімшілендіру)
[3];
■ 
графикалық интерфейстер (X Window System) [2];
■ 
бағдарламалардың жиі қолданылатын қолданбалы пакеттері;
■ 
гетеорогенді жүйе және ортаны ұйымдастыру сипаттамасы  [17];
■ 
ядро, құрылғы драйверлерінің қосымша құрауыштарын жасау [16];


■ 
нақты уақыт жүйесінде операциялық жүйелердегі 
бағдарламалаудың сипаттамалары [9];
■ 
микроядерлік архитектуралар [15];
■ 
әртүрлі байланыс хаттамалары негізінде желілік қосымшалар жасау 
[10].
Бұл тақырыптардың барлығын қызығушылық танытқан оқырманға 
өз бетімен зерттеу ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет