Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет15/97
Дата22.09.2022
өлшемі4.15 Mb.
#461154
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97
44 Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

Техникалық жоба. Техникалық тапсырма техникалық жобада 
рəсімделеді. Техникалық жобаның мазмұны мынадай бөлімдерді 
қамтиды: 

жүйені əзірлеу үшін дəлелдеменің түсіндірме жазбасы;

əзірлеуші-ұйымдар тізбесі;

жүйенің функционалдық жəне ұйымдық құрылымы;

міндеттерді қою жəне шешімдердің алгоритмі;

ақпараттық қорды ұйымдастыру (ақпараттың көздері жəне оны
беру əдістері); 

құжаттар нысандарының альбомы;
• 
матемактикалық қамсыздандыру жүйесі (математикалық 
қамсыздандыру құрылымын, бағдарламалау жүйесін таңдауды
дəлелдеу); 

стандарттық бағдарламалар тізбесі;

техникалық құралдар кешенін құру қағидаты, деректерді
өңдеудің технологиялық үдерісінің схемасын сипаттау жəне дəлелдеу; 


37 
• 
жүйенің 
экономикалық 
тиімділігін 
есептеу, 
жүйені 
пайдаланумен байланысты шығындардың жиынтық сметасы 
• 
жүйені енгізу үшін объектіні дайындау жөніндегі іс-шаралар.. 
Автоматтандырылған басқару жүйелерінің бір түрі болып 
табылатын ақпараттық жүйелер үшін мынадай негізгі сынақ түрлері 
белгіленеді: алдын ала, тəжірибелі пайдалану, қабылдау. Қажет болған 
жағдайда жүйені жəне оның бөліктерін сынаудың өзге түрлерін 
қосымша өткізуге жол беріледі.
Ақпараттық жүйені үлгілі жобалау. Ақпараттық жүйені жобалауға 
үлгілік тəсілдеме оны дайын элементтерден құруды көздейді. Үлгілі 
жобалау əдістерін пайдалану үшін басты талап жобаланатын жүйені 
көптеген қосалқы жүйелерге бөлу мүмкіндігі болып табылады.
Бөліп шығарылған қосалқы жүйелерді іске асыру үшін түптұлғалар 
жəне үлгілі жобалық шешімдер пайдаланылады, олар нақты ұйымның 
ерекшеліктерін ескере отырып, өзгертіледі.
Үлгілік жобалық шешімдер белгілі бір сыныптарға бөлінеді (2.1 
кесте). 
Үлгілік жобалау параметрлік жəне модельді-бағдарланған жобалау 
түрінде орындалуы мүмкін.
Параметрлік–бағдарланған жобалау жағдайында жобалау үдерісі 
мыналарды қамтиды: бағдарламалық құралдардың қойылған 
міндеттерді шешу үшін жарамдылығын бағалау критерийлерін айқындау; 
таңдалған критерийлер бойынша қолжетімді бағдарламалық құралдарды 
талдау жəне бағалау. 
Модельді-бағдарланған жобалау үлгілі жүйенің тапсырыс берушінің 
қажеттіліктеріне ұйымның ақпараттық моделіне сəйкес бейімделуде 
тұрады. 
Ұйымның ақпараттық моделі екі жолмен құрылуы мүмкін: 
1) ұйымның маңызды ерекшеліктерін ескере отырып, негізгі немесе 
үлгілі модельдегі қосалқы жүйені таңдау; 
2.1 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет