Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет52/97
Дата22.09.2022
өлшемі4.15 Mb.
#461154
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97
44 Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

SADT(IDEFO) әдіснамасы. Бұл əдіснаманы Дуглас Росс əзірлеген 
жəне ол SоftTесh компаниясында, содан кейін ICAM жобасыы шеңбе-
рінде пайдаланылды. Оның негізінде IDEF0 стандарты əзірленді. Бұдан əрі 
SADT (Struсturеd Anаlуsis а^ Dеsign Tесhniquе) əдіснамасын функцио-
налдық әдіснама деп атаймыз.
Ақпараттық жүйені функционалдық əдіснама бойынша талдау 
нəтижесінде зерттелетін жүйені дəлме-дəл бейнелеуге тиіс модель 
құрылады. Жалпы жағдайда жүйенің толық моделі мынадай қағидаға сай 
болуы тиіс: егер А Б-ға қатысты сұрақтарға В дəлідігмен жауап беру 
үшін пайдаланыла алса, онда А Б-нің толық моделі. Құрылған модель екі 
қасиетке ие болуы тиіс: 
1)
модельдің бір субъектісі болуы тиіс;
2)
модельдің бір көзқарасы болуы тиіс.
Бірінші қасиет модель қоршаған ортадан бөлек шығарылған болуы тиіс
екенін болжайды. Модель жүйеге кіретін элементтерді дəл анықтауға тиіс.
Екінші қасиет зерттеушінің орнын немесе оның жүйені əрекет еткенде 
көру үшін тұратын жайғасымын сипаттайды.
Функционалдық əдіснама бойынша модельдеу жүйеде белгілі бір 
əрекеттер реттілігін белгілеуді көздейді. Әр əрекет функция болып 
табылады жəне төрт кірісі бар тікбұрышпен белгіленеді: кіріс, шығыс, 
басқару, механизм. 
Функцияның 
шартты 
белгісі
2.42.суретте көрсетілген. 
Кіріс — осы функциямен 
өзгертілуге жататын деректер мен 
материалдар.
Шығысосы функцияның 
жұмыс нəтижесі. 
Басқару— функцияны орындау 
үдерісін бақылау үшін қажетті 
деректер. 
2.42. сур.SADT-функция 


103 
Механизм — ол арқылы осы функция орындалатын нəрсе. Бұл жабдық, 
ЭЕМ арналған бағдарлама немесе оператор — адам. 
 Функцияның аты — етістік. 
Бастапқыда барлық жүйе бір функционалдық блок түрінде көрсетіледі, 
кейіннен ол ретті бөлшектеп байланыстыруға тартылады.
Бөлшектеп байланыстыруды орындаған кезде функционалдық 
блоктардың иерархиялық құрылымы — диаграмма пайда болады. 
иерархиялық құрылымды үштен алтыға дейін функционалдық блоктардың
болуы ұсынылады. Диаграммада функционалдық блоктар үстем 
жағдайға ие. Блоктар маңыздылық дəрежесі бойынша орналасады, ең 
маңызды блок схема бойынша жоғарғы сол жақ бұрышта орналасады.
Функциялардың иерархиясын көрсету үшін функцционалдық блоктың 
төменгі оң жақ бұрышындағы блоктардың нөмірлері пайдаланылады.
Жалпы түрде диаграммадағы доғалар жүйенің жұмыс үдерісіне 
қатысатын объектілер бейнеленеді. Бұл материалдар, аспаптар, қағаз 
тасымалдағыштағы 
құжаттар, 
электрондық 
ақпарат 
тасымалдағыштарындағы құжаттар мен деректер сияқты материалдық 
заттар. Тиісті функционалдық блок объектілерді өзгертуді орындайды.
Блоктар арасындағы байланыстардың бес типі бар (2.33 кесте). 
Функциялар арасында байланыстарды орнатқан кезде мынадай 
ерекшеліктерді ескеру қажет: 
а) байланыс — функцияның өз міндеттерін орындау үшін қажетті 
объектілер ағымы; 
2.33 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет