154
•
əзірленетін жүйені оларды іске асыру тұтынушының қажеттіліктерін
қанағаттандыратын өнімді алуға мүмкіндік беретін үдерістер жиынтығы
ретінде
қарастыру;
•
құрылатын жүйені оңтайлы тəсілмен құру үшін, оның ішінде қосалқы
жүйелерді белгілеу;
•
əзірленетін жүйедегі үдерітсер арасындағы өзара байланыстарды
айқындау;
•
əзірлеушінің ұйымын бағалау жəне аттестаттау негізінде үздіксіз
жетілдіру;
•
жүйені əзірлеу жөніндегі қызметте ресурстардың келісушілігі
басымдықтарын белгілеу.
Ақпараттық жүйенің негізгі элементі — бағдарламалық
қамсыздандыру. Оны əзірлеу үшін түрлі аспаптық құралдар қолданылады.
Ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамсыздандыруын модульдік
қағидат бойынша əзірлеу ең перспективалық бағыт болып табылады.
бағдарламалық қамсыздандыру функционалдық модульдерге бөлінеді, əр
модульду немесе модульдер тобын белгілі
бір орындаушылар ұжымы
əзірлейді. Әзірлеу алдында модульдер мен олар алмасатын деректер
жинағы арасындағы өзара іс-қимыл тəсілдерін белгілейтін бағдарламалық
қамсыздандыру интерфесінің тұжырымдамасы талқыланады.
Модульдік əзірлеме қағидатын іске асыру үшін технологтар тартылуы
мүмкін, оларды таңдау аспаптық құралдарға байланысты.
Inprice Dеlрhi əзірлемесінің аспаптық ортасын пайдаланған кезде
модульдік қағидат UNIT арнайы бағдарламалық
құрылымдар көмегімен
іске асырылуы мүмкін. UNIT құрылымы онда əзірленетін бағдарламаның
басқа бөліктерінде пайдалану үшін қолжетімді типтер, айнымалы
шамалар, константалар, рəсімдер мен функциялар
жиналған бағдарлама
бөлігі болып табылады.
Динамикалық кітапханаларды пайдалану неғұрлым əмбебап шешімді
ұсынады. Динамикалық кітапханалар орындалатын бағдарлама оларға
орындау үдерісінде жүгіне алатын рəсімдер мен функциялардың
машиналық кодын сақтайды. Динамикалық кітапханалар DLL кеңейтуімен
файлдарда сақталады. Осындай файлдар бағдарламамен бір тізімдемеде
немесе Windоws SYSTEM32 операциялық жүйесінің жүйелік
тізімдемесіінде орналастырылады.
Қазіргі уақытта динамикалық кітапханаларды құру жəне
оларды
пайдалану технологиясын барлық əйгілі бағдарламалық қамсыздандыруды
əзірлейтін жүйелер қолдайды, мысалы Miсrоsоft Visrnl Bаsiс, Шргйе
Dеlрhi.
Сондай-ақ, сынып жəне мұралану типті сыныптар арасындағы
байланыстарды белгілеу құрылымы көмегімен
объектілік бағдарламалау
парадигмасы да модульдік бағдарламалау қағидатын іске асыруға
мүмкіндік бередіү
Объектілік-бағдарланған
бағдарламалау
бағдарламалық
қамсыздандыруды бөлек əзірлеу қағидатын іске асыратын қосымша
155
құралдарды ұсынады. Оларға пакеттер мен интерфейстер жатқызылады.
Пакеттер сыныптарды əзірленетін жүйедегі функционалдық белгілері
бойынша біріктіреді.
Интерфейстер қажетті кіріс жəне шығыс деректер жинағын белгілеп,
жүйемен өзара əрекеттесудің белгілі бір тəсілін жариялайды,
бірақ кіріс
деректерді шіғіс деректерге өзгерту алгоритмін ашпайды
Бағдарламалық қамсыздандыруды объектілік əзірлеу технологиясы
олардың негізінде жоғары деңгейдегі C++ и Jаvа тілдері жатқан
əзірлемелер жүйесінде ең толық іске асырылған. Мысалы, Miсrоsоft Visrnl
C, JDK (Jаvа Dеvеlорmеnt Kit) Sun Miсrоsуstеms.
Достарыңызбен бөлісу: