Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі қандай формулалармен  сипатталады? Графигін салып түсіндіріңдер. 3



Pdf көрінісі
бет132/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   204
8сынып физика (2)

2.
Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі қандай формулалармен 
сипатталады? Графигін салып түсіндіріңдер.
3. Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігін қандай теория негі-
зінде қалай түсіндіруге болады?
4. Асқынөткізгіштік деген қандай құбылыс? Графигін салып түсіндіріңдер. 
Асқынөткізгіштер деп қандай өткізгіштерді айтады?
5. Асқынөткізгіштер қайда қолданылады, болашағы қандай?
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


142
Сурет 5.25. Электрқыздырғыш аспаптар
ә)
б)
а)
§28.
 
ЭЛЕКТРҚЫЗДЫРҒЫШ АСПАПТАР. ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ. 
БАЛҚЫМАЛЫ САҚТАНДЫРҒЫШТАР
1. Электр тогының жылулық әрекеті қазіргі тұрмыстық аспап-
тарда да, өнеркәсіптік техникаларда да зор рөл атқарады. Қыздырғыш 
аспаптарға әр шаңырақта кең қолданыс тапқан электр плиталары, электр 
үтіктері, электр шәйнектері, шашты құрғататын фендер т.с.с. құралдар 
жатады.
Қыздырғыш аспаптар өндірісте көптеген мақсаттарда, мысалы, ме-
талдарды жоғары температурада «пісіріп» бір-біріне жалғайтын ап-
параттарда (сурет 5.25, 
а), рудаларды балқытатын электр пештерінде 
т.с.с. қолданылады. Ауылшаруашылығында өнімдерді кептіретін қон-
дырғыларда (сурет 5.25, 
ә), көгөністер шығаратын жылыжайларда, құс 
фабрикаларындағы инкубаторларда кеңінен пайдаланылады.
Барлық электрлік жылытқыш аспаптарда қолданылатын 
қыздырғыш 
элементтер (сурет 5.25, б) меншікті кедергілері мен балқу темпе-
ратуралары үлкен екі түрлі қоспадан жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет