Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Тұрақты магниттер деп нені айтады? Олардың қандай қасиеттері бар? 3



Pdf көрінісі
бет144/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   204
8сынып физика (2)

2. Тұрақты магниттер деп нені айтады? Олардың қандай қасиеттері бар?
3. Магнит өрісі деп нені айтады? Ондай ерекше өрістің бар екенін қандай 
тәжірибе растайды?
4. Магнит күш сызықтары деп нені айтады? Магнит өрісінің электр 
өрісімен ұқсастығы бар ма, айырмашылығы қандай?
5. Табиғи магниттер деп қандай магниттерді айтады, олар алғаш рет қан-
дай құралда қолданыс тапты? Жердің магнит өрісінің қандай пайдасы 
бар?
№8 зертханалық жұмыс
Тұрақты магниттің қасиеттерін зерделеу және магнит
өрістерінің бейнелерін алу
 
Жұмыстың мақсаты: тұрақты магниттің полюстерімен танысу және 
пішіндері әртүрлі магниттердің төңірегінде магнит өрістерінің қандай сызықтар 
туғызатынын көрсету.
Аспаптар мен жабдықтар: пішіндері әртүрлі магниттер (жазық, таға 
тәрізді, дөңгелек және шыбық пішінді); темір үгінділері; бір бет қағаз; ағаш не-
месе қағаз тостаған.
Жұмыс барысы. 1. Тостағанға темір үгіндісін себіңдер. Олардың үстіне
зерттейтін магниттеріңді салып, әрі-бері аударыңдар.
2. Магниттерді қолдарыңа алып, оларға темір үгінділерінің қалай тар-
тылғанына, қай жерде қанша үгіндінің жабысқанына зер салыңдар.
3. Магниттердің суреттерін дәптерлеріңе салып, үгінділердің көп жабысқан 
тұстарын белгілеп бейнелеңдер.
4. Үгінділер жабысқан екі жазық және екі таға тәрізді магниттерді гори-
зонталь қағаздың бетіне қойып, бір-біріне әртүрлі полюстерін жақындатыңдар 
(үгінділерді қосымша себулеріңе болады). Қандай құбылыстың орын алғанын 
суреттеп жазыңдар.
5. Үстелдің үстіндегі магниттің бетін қағазбен жауып, оған темір үгіндісін 
жайлап себіңдер.
6. Қағаз бетінде пайда болған магнит күш сызықтарының суреттерін 
дәптерлеріңе түсіріп сызыңдар.
7. Мұндай қарекетті магниттің әр түрі үшін орындаңдар. 
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет