Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет191/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   204
8сынып физика (2)

мөлдір қабық
деп атайды. Сыртқы бірінші қабықтың басқа бөліктері мөлдір емес ақ-
шылтым болып келеді; сондықтан 
склераны белокті қабат деп те атайды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


208
2. Склераның ішкі бет жағы көз ағзасын қоректендіретін тарамдалған 
капилляр қан тамырларының күрделі жүйесімен қапталған. Көз 
алмасының бұл екінші негізгі қабығы 
тамырлы қабық деп аталады (су-
рет 7.29
 – қоңыр түс). Оның мөлдір қабықпен жанасатын алдыңғы жағы 
адамдардың көздерінің түстерін (қоңыр, көк, жасыл т.с.с.) көрсететін 
түсті қабықшамен ұштасады. Түсті қабықшаның жиегі «цилиарлық 
дене» деп аталатын бұлшық етпен көмкерілген (сурет 7.29). Түсті 
қабықшаның ортасында жарық өтетін саңылау – 
қарашық бар. Бұлшық 
ет (цилиарлық дене) сақинаны созып немесе жиырып, қарашықтан өтетін 
жарық ағынын реттеп отырады да, 
диафрагма қызметін атқарады. 
Түсті қабықшаның артында дөңес линзаның қызметін атқаратын 
көзбұршағы орналасқан. Мөлдір қабық пен көзбұршағының арасы 
сұйқылтым ылғалды ортаны құрайды; оған жас ағызатын каналдар 
жалғанған. Көзбұршағының артындағы көз алмасының ішкі сферасы 
толығымен 
шыны тектес денеден тұрады.
Мөлдір қабық – сұйқылтым орта – көзбұршағы – шыны тектес 
дене көздің табиғи оптикалық жүйесі болып табылады. Көз жүйенің 
оптикалық центрі 
көзбұршағынан 5 мм-ге жуық арақашықтықта орна-
ласқан. Жүйенің оптикалық центрі мен қарашық арқылы 
бас оптикалық 
өс өтеді.
Көз жүйесі оптикалық күші D = 58,5 дптр (фокус қашықтығы

F = 17,2 мм) болатын линзаға ұқсас жұмыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет