4. Орталық шұқыршақта, яғни көздің оптикалық өсімен торлы қа-
бықтың қиылыс нүктесінде қалыпты көретін көз оптикасының F
= F
2
фокусы орналасады (сурет 7.30,
а). Әртүрлі қашықтықтағы нәрсенің
кескінін F
2
фокус жатқан жазықтыққа дәл түсіру үшін көзбұршағы
өзінің оптикалық күшін
цилиарлық бұлшық ет жәрдемімен үнемі
өзгертіп отырады.
Көзбұршағының оптикалық күшін өзгерту қасиеті аккомода-
ция
деп аталады.
Аккомодация арқасында ғана көз алыстағы нәрсені де, жақын-
дағы нәрсені де жақсы көре алады.
Цилиарлық бұлшық ет босаңсы-
ғанда көздің көретін нүктесі алыстағы нүкте деп, ал ең күшті
жиырылғанда көретін нүкте жақындағы нүкте деп аталады.
Қалыпты көз үшін алыстағы нүкте көзден шексіз алыста, ал жақындағы
нүкте 15–20 см шамасында орналасады.
Қалыпты көз деп жиырылған күйінде торламада жатқан нүктеге
параллель сәулелерді жинай алатын көзді айтады.
5. Көрудің нашарлауы көздің параллель сәулелерді торлы
қабықтағы F
2
нүктеге дәл түсіріп жинай алмауы салдарынан орын
алады. Оның басты себебі – көзбұршағының аккомодация қасиетін
жоғалта бастауы болып табылады. Мұндай жағдайда көз сәулелерді
тор қабаққа жеткізбей шыны тәрізді дене ішінде жинайды (сурет 7.30,
ә); немесе одан асырып жинайды (сурет 7.30, в).
Егер көз нәрсенің кескінін торлы қабыққа жеткізбей жинаса
(сурет 7.30, ә), онда алыстағы нәрсе бұлдыр көрінеді де,
жақыннан
көргіштік орын алады. Ал егер көз нәрсенің кескінін торлы қабықтан
14 – 3477
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
210
Альхазен
(965–1039)
Достарыңызбен бөлісу: |