Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет25/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   204
8сынып физика (2)

Теориялық зерттеу
3 – 3477
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


34
Екіншіден, бір литр суға қарағанда бес литр суды қайнатуға көп 
жылу шығындалады. Олай болса, затқа берілетін немесе одан алынатын 
Q жылудың мөлшері сол заттың m массасына да тәуелді өзгереді: Q ~ m.
Үшіншіден, затқа берілетін немесе одан алынатын Q жылудың 
мөлшері сол заттың 
тегіне байланысты өзгереді. Мысалы, массалары тең 
мыс және қорғасын сымдарын бірдей температураға дейін қыздырғанда 
немесе суытқанда олар әртүрлі мөлшерде жылу қабылдайтынын неме-
се бөліп шығаратынын тәжірибелер дәлелдейді. Мыс пен қорғасынның 
т массалары мен t температураларының бірдей болуына қарамастан
олар жылуды әртүрлі мөлшерде жұтып та, шығарып та отыр. Ендеше, 
затқа берілетін немесе одан алынатын 
Q жылудың мөлшері сол заттың 
тегіне де байланысты өзгереді деген қорытындыға келеміз. Заттың 
тегін сипаттайтын физикалық шаманы 
«с» әрпімен белгілеп, меншікті 
жылусыйымдылық деп атау келісілген. Олай болса, жылу мөлшерінің 
заттың тегіне байланысын төмендегіше өрнектей аламыз:
 Q ~ с.
Эксперимент нәтижелеріне сүйеніп, мынадай қорытындыға келеміз: 
затқа берілетін немесе одан алынатын жылудың мөлшері сол заттың 
температура өзгерісіне, массасына және жылусыйымдылығына тура 
пропорционал: 
Q = сmt = сm (t
2
 – t
1
), 
мұндағы: 
Qжылудың мөлшері; с – заттың тегіне байланысты анық-
талатын шама, оны заттың меншікті жылусыйымдылығы деп атайды
m – заттың массасы; t

заттың бастапқы
t
2
– соңғы температуралары.
3. Жоғарыда айтқанымыздай, 
А = ∆U және Q = ∆U өрнектері үш 
физикалық шаманың: жұмыстың да, энергияның да, жылу мөлшерінің 
де өлшем бірліктерінің бірдей болатындығын көрсетеді. Сондықтан 
Халықаралық бірліктер жүйесінде жылу мөлшері 
джоульмен (Дж
өлшенеді.
Жылу мөлшерлері үлкен шама болған жағдайда джоульдің еселік 
бірліктері 
килоджоуль (кДж)мегаджоуль (МДж), гигаджоуль (ГДж) қол-
данылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет