50
Температурасы –40
о
градус болатын ыдыстағы мұзды (сурет 2.3) электр
плитасымен жайлап қыздыра отырып, температура өзгерісін бақылайық.
Плитаның қыздыруына қарамастан, мұз бірден ерімейді; тек температу-
расын біртіндеп жоғарылатады (графикте АВ кесіндісі). Мұздың темпе-
ратурасы 0
о
С градусқа жеткенде еру процесі басталады (ыдыстың ішінде
мұзбен бірге су пайда болады). Алайда плита жылуын беріп тұрса да,
мұз әбден еріп болғанша температура өзгермейді (ВС кесіндісі). Мұз еріп
болғаннан кейін судың температурасы 0
о
С-ден 45
о
С-ге дейін көтеріледі
(СD кесіндісі).
Енді ыдыстағы
ыстық суды аязға шығарып, температурасын
бұрынғыша
тіркеп отырсақ, ол біртіндеп төмендеп 0
0
С-ге жетеді (DЕ
кесіндісі). Бұдан кейін судың ішінде мұз түйірлері пайда бола бастайды
да, сырттағы аязға қарамай, су толығымен мұзға айналғанша температу-
ра өзгермей ұзақ уақыт сақталады (ЕF кесіндісі). Қатқан мұздың темпе-
ратурасы 0
0
С-ден төмендеп, сыртқы ортаның температурасымен теңеледі
(FК кесіндісі). Эксперимент нәтижелерінен
мынадай қорытынды туын-
дайды:
Достарыңызбен бөлісу: