184
Шамның жалған бейнесін (сурет 7.7,
а) айнадан шағылған сәулелер
арқылы көргені сияқты, көз АВ кесіндісін де (сурет 7.7,
ә), баланың да
(сурет 7.7,
б) айнадағы жалған бейнелерін көре алады. Өйткені кесінді мен
баланың бойындағы әр нүктеден айнаға түсіп, белгілі бір бұрыштармен
шағылған сәулелер көзге түседі. Ал көз осы
сәулелердің бойымен тура
(түзу) бағыттағы нүктелерді айнадан көреді.
6. Тәжірибелер мен салынған суреттер жазық айнадағы бейнелерді
ұтымды да оңтайлы салудың жолын көрсетеді. Ол үшін дененің қалаған
нүктесінен (мысалы, А нүктесінен (сурет 7.7,
б))
айнаға перпенди-
куляр түсіріп, оның айна сыртындағы созындысы бойына нүктеден
айнаға дейінгі қашықтықты өлшеп салып, оның айнадағы А
1
кескінін
алады. Осы әдіспен АВ вектордың айнадағы А
1
В
1
кескіні оңай салы-
нады. Оны салғанда екі нүктенің (бастапқы және соңғы нүктелердің)
ғана
айнадағы бейнелерін тауып, олардың арасын түзумен қосады.
Күрделі нәрсенің айналық кескінін салу үшін, әрине, нүктелер саны
жеткілікті болатындай таңдалып алынады (сурет 7.7,
б).
Осы
әдісті қолданып, басқа да күрделі суреттердің (мысалы, өз
фотосуреттеріңнің) жасанды айналық көшірмесін де салуға болады.
Ол үшін көшірмесі салынатын суретті
ақ қағаз бетіне жапсырып,
оған таяу айналық бет ретінде вертикаль сызық жүргізеді де, жоғарыда
көрсетілген әдіспен суреттің айнадағыдай жасанды көшірмесі салынады.
Нәрселердің айнадағы кескіндерін жоғарыда
көрсетілген әдістер-
мен салу
Достарыңызбен бөлісу: