Екіншіден, бірдей жағдайда әртүрлі сұйықтың қайнау температу-
ралары әртүрлі болады.
Үшіншіден, сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық
қысыммен теңескенде немесе одан сәл асқанда қайнау басталады.
3. Сұйықтың қайнау температурасы сыртқы қысымға тәуелді
өзгереді. Мысалы, қалыпты атмосфералық қысымда (
p = 10
5
Па) су 100
о
С-
де қайнайды. Егер қысымды төмендете берсек, судың да қайнау темпера-
турасы төмендей береді. Мысалы, 32 гПа қысымда су 24
о
С-де қайнайды,
қысым 6 гПа болғанда 0
о
С-де қайнайды.
Сұйықтардың төменгі қысымда кез келген температурада қайнау
қасиеті практикада, мысалы, қант шығару өндірісінде қолданылады.
Қант қызылшасын ұнтақтап суға салып, оның бойындағы қант молекула-
ларын диффузиялық жолмен ерітеді. Одан кейін сүзгіден өткен ерітіндіні
суынан арылтып, таза қант кристалын алу үшін қайнатады. Қантты
судан ажыратудың осы кезеңінде оны
төменгі қысымда қайнату тех-
нологиясы қолданылады. Мұндай технологияда ерітінді төменгі темпе-
ратурада қайнағандықтан, қант күйіп кетпей, сапалық қасиетін сақтап
қалады.
Қысым өскен сайын сұйықтардың қайнау температуралары да жо
-
ғарылай береді. Мысалы,
автоклав деп аталатын қондырғыларда су
200
0
С-де қайнайды. Автоклавтарды химия және тамақ өнеркәсіптерінде
кең қолданады. Медицинада ота жасайтын құрал-жабдықтарды стери-
лизациялау мақсатында және қағаз шығару фабрикаларында ағаштарды
жұмсартып өңдеу үшін пайдаланады. Тұрмыста қолданыс тапқан ас-
тағамдарды жылдам пісіретін ыдыстардың қақпақтары қысымды рет-
теуге арналған клапандармен жабдықталған. Мұндай ыдыстарда тамақты
2000 гПа (2 атм) қысымда 120
о
С-де пісіреді.
4. Эксперименттік зерттеулер қайнау температурасында сұйықты
буландыруға шығындалатын жылудың мөлшері оның массасына тура
пропорционал өсетіндігін көрсетті:
Q ~ m.
Сонымен қатар эксперимент массалары бірдей әртүрлі сұйықтарды
қайнау температураларында буландыруға шығындалатын жылу мөл-
шерінің бірдей болмайтынын да көрсетті. Бұдан әртүрлі сұйықтарды
буландыруға шығындалатын жылудың мөлшері олардың тегіне бай-
ланысты әртүрлі болады деген қорытынды шығады. Физикада мұндай
байланысты білдіретін шаманы
Достарыңызбен бөлісу: |