The law of conservation of electric charge Кулон заңы Закон Кулона The Coulomb Law Электр өрісі Электрическое поле Electric field Электр өрісінің кернеулігі Напряженность электрического поля Electric field strength Өрістің потенциалы Потенциал поля Potential of the field Потенциалдар айырымы Разность потенциалов Potential Difference Конденсатордың электр сыйымдылығы Электрическая ёмкость конденсатора The capacitance of the capacitor Тараудағы физика терминдерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі минимумы §18. ДЕНЕЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРЛЕНУІ. ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ. ӨТКІЗГІШТЕР МЕН ДИЭЛЕКТРИКТЕР 1. Егер пластмасса тарақпен шашты тарап, қағаздың ұсақталған
қиындыларына жақындатсақ, олар тараққа тартыла бастайды. Сол
сияқты зертханадағы эбонит немесе шыны таяқшаларын киімге немесе
басқа бір материалға үйкесек, оларға да қағаз қиындылары тартылып
жабысады. Заттардың
янтарьға (қатайған ағаш шайырына) тартылатын
құбылысын ертедегі грек ғұламалары
электрлену деп атаған. Өйткені ян- тарь грек тілінде электр немесе электрон деп аталады. Міне, сондықтан,
басқа заттардың янтарьға ұқсап, өздеріне әртүрлі қиқымдарды тарту
құбылысы олардың
янтарлануы, яғни электрленуідеп аталып кетті;
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217