Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


 Денелерді әсер (индукция) арқылы элек-



Pdf көрінісі
бет76/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   204
8сынып физика (2)

3. Денелерді әсер (индукция) арқылы элек- 
трлендіру. Денелерді электрлендірудің басқа 
тәсілі де бар. Оған көз жеткізу үшін тағы 
бір тәжірибеге жүгінейік. Бір ұшына металл 
табағы бекітілген, екінші ұшына екі қағаз 
тілшесі жапсырылған металл шыбығын шыны 
колбаның мойнынан өткізіп бекітейік (сурет 
4.3). Мұндай аспап 
электрос коп деп аталады. 
Қағазға үйкелеу арқылы электр ленген шыны 
таяғын металл табаққа жақындатып, жанас-
тырмай ұстап тұрсақ, металл шыбығының 
екінші ұшындағы қағаз тілшелер бір-бірінен алшақтай бастайды. 
Ендеше, бұл құбылыс қағаз тілшелерінің бір түрлі электрленгенін 
білдіреді. Сонымен, денелерді бір-біріне жанастырып үйкемей-ақ электр- 
лендіре алатынымызға көз жеткіздік.
Денелерді бір-біріне жанас тырмай электрлендіру әсер арқылы (не-
месе индукция арқылы) электрлендіру деп атайды.
4. Денелердің электрленуі туралы физика ғылымының тарихи дамуы- 
ның әр кезеңінде жасалған көптеген тәжірибелерден төменде көрсетілген 
қорытындылар туындап, ұғымдар қалыптасты.
Біріншіден, екі денені электрлендіру жанастыру тәсілі арқылы не-
месе 
индукция тәсілі арқылы жүзеге асады. 
Екіншіден, денелер екі түрлі электрленеді. Шыныда пайда болатын 
электр 
оң (+), ал эбонитте пайда болатын электр теріс () электр заряды 
деп аталды.
Үшіншіден, аттас зарядтар бір-бірін тебеді, әраттас зарядтар 
бір-бірін тартады. 
Төртіншіден, зарядталмаған денелерге қарағанда зарядталған дене-
лерде жаңа қасиет 
– бір-бірімен әрекеттесу қасиеті пайда болады. 
5. 
Электр заряды да масса сияқты материяның ажырамас қасиеті 
болып табылады. Массаны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет