Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Пайдаланылған əдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет9/76
Дата15.02.2024
өлшемі457.37 Kb.
#491869
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

Пайдаланылған əдебиет тізімі:
1. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1954.
2. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. – Алматы, 1967.
3. 
 Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. – Алматы, 2009.
4.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы, 1992.
5.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. –Алматы, 2007.
6.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.
7.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздер. – Алматы, 1996.
8. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Атауыш сөздер, негізгі белгілері, мағынасы мен қызметі.
2. Көмекші сөздер, қалыптасуы, грамматикалық ерекшелігі, түрлері.
3. Сөздерді таптастыру қағидаттары, олардың сөз таптарындағы 
сипаты.
4. Лексика-семантикалық қағидат, ерекшелігі, көрінісі,
5. Морфологиялық қағидат, сөз таптарындағы көрінісі.
6. Синтаксистік қағидат, сөз таптарына қатысы, көрінісі.
7. Қазақ тіліндегі негізгі сөз таптары, түрлері.


28
3. Зат есім. Көмекші есімдер
Сөз таптарының ішінде семантикалық сипаты, грамматикалық 
құрылысы, синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленетін негізгі сөз 
таптарының бірі – зат есім.
Зат есім – өмірдегі, бізді қоршаған ортадағы жанды-жансыз 
заттардың, заттық ұғымдар мен түрлі құбылыстардың, оқиғалардың 
атын білдіретін, есімдер тобына енетін сөз табы. Зат есімнің басқа 
сөз таптарынан ерекшелігі: олар лексика-семантикалық жағынан тек 
заттардың атын ғана білдірмей, сонымен бірге əр алуан құбылыстар 
мен оқиғалардың аттарымен байланысты заттық, сапалық, 
қимылдық, мезгілдік мəнді əртүрлі атаулардың да атын білдіреді. 
Мысалы, 
жақсылық, азшылық, тоқтық, оқу, көсеу, оймақ, т.б.
Зат есімдердің жеке сөз табы ретіндегі лексика-грамматикалық 
ерекшеліктері оның мағыналық жəне құрылымдық топта-
рын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақ тілі морфологиясында 
зерттеушілер зат есімдерді мағыналық сипатына қарай бірнеше 
топтарға бөліп, соның негізінде олардың грамматикалық сыр-
сипатын анықтайды.
А. Байтұрсынов зат есімдерге «зат есім – нəрселердің атын 
көрсететін сөздер. Нəрсе деп не түрлі де болса бір заттарды айта-
мыз» деген анықтама беріп, оларды семантикалық сипатына қарай 
деректі, дерексіз, жалпы, жалқы есімдерге бөледі. Ғалымның зат 
есімнің аталған мағыналық топтарына берген анықтамалары да 
олардың тілдік табиғатын толық ашады. Деректі жəне дерексіз зат 
есімдерді «зат тегінде екі түрлі. Біреулері – көзге көрінетін, құлаққа 
естілетін, мұрынға иіс келетін, тілге татылатын, денеге сезілетін 
деректі заттар. Екіншілері – көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, 
мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, 
адам ақылымен ғана білетін дерексіз заттар» деп сипаттап, олар-
ды мағыналық топтарға ажыратудағы басты ерекшелікті адамның 
көру, сезу мүшелерімен, таным-түйсігімен байланыстырады. Ал 
жалқы жəне жалпы зат есімдерді «біреулері нəрсенің дербес өз ба-
сына ғана қойылған, екіншілері нəрсенің біріне емес, барлық табына 
қойылған» деп ажыратады. Тағы бір назар аударатын пікір: ғалым 
адамзат жəне ғаламзат есімдерін зат есімдердің дербес мағыналық 
тобы ретінде бөліп көрсетпесе де, оларды «Кім? деп сұраймыз адам 
туралы. Не? деп сұраймыз басқа заттар туралы» деген анықтамамен 
сипаттайды. 


29
Ғалым А. Ысқақов зат есімдердің қай-қайсысы болсын 
заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар, негізінен алғанда, біркелкі 
болғандарымен, іштей нақтылық жəне абстрактілік, жалпылық 
жəне жалқылық, даралық жəне жинақтылық, жекелік жəне топтық 
сияқты семантикалық категорияларды қамтитынын айтып, олардың 
ішінен адамзат жəне ғаламзат есімдерін, жалқы есімдер мен көптік 
мəнді есімдерді, эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді өздеріне тəн 
семантикалық жəне грамматикалық ерекшеліктері бар мағыналық 
топтар ретінде бөліп көрсетеді. 
Зат есімдерді мағыналық жағынан топтастыруда ғалым Н. Орал-
бай адамзат жəне ғаламзат атаулары, жалпы жəне жалқы зат есімдер, 
деректі жəне дерексіз зат есімдер, дара жəне жинақтық мағыналы 
зат есімдер, түрлі реңк мəнді зат есімдер тəрізді топтарын бөліп 
көрсетеді.
Сонымен, ғылыми тұжырымдарда зат есімдердің семантикалық 
топтары сан жағынан түрліше топтастырылып, түрліше атала-
ды. Жоғарыдағы пікірлерді саралайтын болсақ, зат есімдердің 
мағыналық топтарының ішінде орнығып, қалыптасқаны – жалпы, 
жалқы, деректі, дерексіз есімдер (А. Байтұрсынов, А. Ысқақов, 
Н. Оралбай). Бірақ деректі жəне дерексіз есімдер бірде нақтылық 
жəне абстрактілік (А. Ысқақов) деген атаумен беріледі. Сондай-ақ 
А. Ысқақов даралық жəне жинақтық, жекелік жəне топтық, көптік 
мəнді есімдер мен эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді, Н. Орал-
бай реңк мəнді есімдерді зат есімдердің дербес мағыналық топтары 
ретінде көрсетеді. 
Қазақ тілінің академиялық грамматикаларында да зат есімдердің 
семантикалық топтары түрліше анықталады. «Қазіргі қазақ тілі» 
(1954) еңбегінде зат деген ұғымның тек күнделікті өмірде кездесетін 
əдеттегі жай заттарды ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі əр 
алуан құбылыстарды да қамтитындығын атап өтіп, оларды нақтылы 
(конкретті) жəне жалпылық (абстракті) зат есімдер, жалқы жəне 
жалпы есімдер тəрізді топтарға бөледі. Ал «Қазіргі қазақ тілі» 
(1954) еңбегінде зат есімдерді лексикалық тұрғыдан өз алдына 
мағыналық дербестігі бар сөздер ретінде түсіндіріп, жалқы жəне 
жалпы есімдерді зат есімдердің грамматикалық категорияларының 
қатарында қарастырады. «Қазақ грамматикасында» (2002) зат 
есімдер лексика-грамматикалық сипаты жағынан адамзат, ғаламзат, 
жалпы жəне жалқы, көптік мəнді, реңдік жəне үстеулік мəнді, 
эмоция-экспрессия реңі бар топтарға жіктелген. Академиялық 


30
грамматикалардың ішінде зат есімдердің семантикалық топтары 
«Қазақ грамматикасында» (2002) толық көрініс тапқанымен, деректі 
жəне дерексіз зат есімдер көрсетілмейді.
Сонымен, зат есімдердің мағыналық топтарына қатысты ғылыми 
тұжырымдарды негізге ала отырып, олардың мынадай мағыналық 
топтарын бөліп көрсетуге болады: 1) адамзат жəне ғаламзат есімдері
2) жалқы жəне жалпы есімдер, 3) деректі жəне дерексіз есімдер, 
4) дара жəне жинақтық мəнді есімдер, 5) реңдік мəнді есімдер, 
6) эмоция-экспрессия реңі бар есімдер; 7) көптік мəнді есімдер.
Зат есімнің мағыналық топтарының ішінде адамзат жəне 
ғаламзат есімдері бұған дейінгі еңбектерде кімдік, нелік, персондық, 
бейперсондық болып түрліше аталып келгендігі белгілі. Адамзат 
жəне ғаламзат есімдері зат есімнің басқа топтарынан жəне өзара 
ерекшеленіп қана қоймай, өзіне тəн қасиеттері мен белгілері арқылы 
да қазақ тілін өзге тілдер жүйесінен даралап көрсетеді. Адамзат 
есімдеріне жалпы адамға, оның мамандығы мен кəсібі, туыстық 
қатынасы, əр алуан лауазым, қызмет жəне т.б. атауларына қатысты 
сөздер жатады. Ал ғаламзат есімдерін адамнан тыс барлық заттар 
мен құбылыстарға, жан-жануарларға қатысты ұғымды білдіретін 
атаулар тобы құрайды.
Жалқы есімдер жеке адам, дүниедегі жеке я дара заттар мен 
құбылыс атауларын, жалпы есімдер бір-біріне ұқсас, деректі жəне 
дерексіз ұғым атауларын қамтиды. Сонымен қатар тіл жүйесінде 
жалпы есімнен жалқы есімге жəне керісінше ауысу құбылыстары 
да кездеседі. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет