Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


жұп нертің ядросын айналып өтіп, беттік төбешікті, colliculus facialis, түзеді



Pdf көрінісі
бет148/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

жұп нертің ядросын айналып өтіп, беттік төбешікті, colliculus facialis, түзеді. 
VIII жұп, кіреберіс – ұлу нервінің, n. vestibulo-cochlearis, 6 ядросы бар : 2 ұлулық, 4 
кіреберістік - барлығы 6 сезімтал ядросы бар. Олар ромбтәрізді шұңқырдың кіреберістік 
алаңында орналасқан. 
Алдыңғы ұлулық ядро, nucleus cochlearis anterior, мен артқы ұлулық ядрода , nucleus 
cochlearis posterior, ішкі құлақтың ұлуынан шығатын есту сезімталдығы қабылданады. 
Кіреберістік ядролар : кіреберістік медиалды ядро, nucleus vestibularis medialis; 
кіреберістік латералды ядро, nucleus vestibularis lateralis; кіреберістік жоғарғы ядро, 
nucleus vestibularis superior; кіреберістік төменгі ядро, nucleus vestibularis interior, ішкі 
құлақтың жартылай дөңгелекті түтіктері ампулалаларының қыршалары және жатырша 
(эллипстік қапша, utriculus ) мен дөңгелек қапшаның (sacculus) дақтары арқылы келетін 
дене қапының өзгеруі туралы ақпаратты ( нервтік импульсті) қабылдайды . 
IX жұп, тілжұтқыншақ нервінің, n. glossapharyngeusсезімтал, парасимпатикалық 
және қозғалтқыш үш ядросы бар. 1. Сезімталы - жеке ядро , nucleus solitarius, VII, IX, X
жұп нервтерге ортақ болады. 2. Парасимпатикалық ядросы - төменгі сілекей бөлетін ядро, 


271 
nucleus solivatorius inferior,- деп аталады. 3. Қозғалтқышы – қос ядро , nucleus ambiguus,
IX және X жұп нервтерге ортақ болып келеді . 
X жұп, кезбе нервінің, nervus vagus , үш: сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш 
ядролары бар . 
1. Сезімтал ядросы : жеке ядро, nucleus solitarius, бұл ядро VII, IX және X жұп 
нервтерге ортақ болады . 
2. Парасимпатикалық ядросы :  кезбе нервтің артқы ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi,-  
trigonum nervi vagi, аймағында жатады. 
3. Қозғалтқышы – қос ядро , nucleus ambiguus, IX және X жұп нервтерге ортақ болып 
келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет