Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет152/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Үшінші қарынша
,
ventriculus tertius
,
эпендимамен қапталған жіңішке ортаңғы 
саңылау. Үшінші қарынша артынан ортаңғы мидың суқұбырымен, ал алдынан жұп 
қарыншааралық тесіктер арқылы оң және сол бүйір қарыншалармен байланысады. 
Үшінші қарыншаның алты қабырғасын ажыратады. Бүйір 
қабырғалары
таламустардың 
медиалды бет
тер
імен және 
меншікті 
гипоталамуспен түзілген. 
Оларды бір-бірінен 
таламусастылық жүлге, sulcus hypothalamiscus, бөліп тұрады. Меншікті гипоталамусқа 
ортаңғы мидың жамылғысы жалғасады.
Алдыңғы қабырғасы шекаралық табақша
алдыңғы дәнекер және күмбез 
бағаналарынан түзілген. Күмбез бағанасы мен таламустың 
алдыңғы төмпешігінің арасында қарыншааралық тесік (Монрой тесігі), foramen 
interventriculare, орналасады. Бұл тесік арқылы III қарынша бүйір қарыншаларымен 


277 
байланысады. 
Артқы қабырғасы тарылған, жүген дәнекерінен, артқы дәнекерден, 
оның 
астындағы 
ортаңғы мидың суқұбырынан түзіледі. 
Жоғарыда аталғандай, жүген дәнекері 
мен артқы (эпиталамустық) дәнекердің аралығында, эпифизге енетін кішкене томпақтық 
ұңғыл, recessus pinealis, жатады.
Үшінші қарыншаның түбін chiasma opticum, tuber 
cinereum мен infundibulum, corpora mamillaria, substantia perforata posterior, жартылай 
pedunculi cerebri түзеді. 
Үшінші қарыншаның түбінде екі ұңғыл: көру қиылысы мен 
шекаралық табақшаның аралығында – көру ұңғылы, recessus opticus, және құйғышта – 
 құйғыш ұңғылы, recessus infundibuli,
Жоғарғы қабырғасы үшінші қарыншаның
 
 тамырлы 
негізімен, tela choroidea ventriculi tertii, түзілген. 
Тамырлық негіздің
құрамына мидың 
көлденең 
саңылауы
арқылы сүйелді дене мен күмбездің астынан енетін, мидың жұмсақ 
қабығы 
және оның астында орналасқан эпителийлік табақша кіреді. Олардың ішінде 
тамырлы өрім, plexus choroideus ventriculi tertiі, жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет