Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет175/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Сегізкөз өрімі (plexus sacralis) ІҮ-Ү бел нервтерінің алдыңғы тармақтарының бөлігінен 
және жоғарғы төрт сегізкөз нервтерінің тармақтарынан түзіледі. Сегізкөз өрімі түзілердің 
алдында ІҮ және Ү бел нервтерінің алдыңғы тармақтары бірігіп, бел-сегізкөз сабауын (truncus 
lumbosacralis) түзеді. Сегізкөз өрімі алмұрттәрізді бұлшықетте орналасқан, ұзын және қысқа 
тармақтар шығатын үшбұрышты табақша. 
Қысқа тармақтары. Бұлшықеттік тармақтар (L
1
-S
2
) алмұрттәрізді, ішкі жапқыш
егіздер бұлшықетіне және санның шаршы бұлшықетіне барады.
Жоғарғы бөксе нерві (n.gluteus superior) (L
4
-S
1
) жамбас қуысынан үлкен шонданай 
тесігінің алмұртүстілік кеңістігінен шығып, кіші және ортаңғы бөксе бұлшықеттері мен жалпақ 
шандырды керетін бұлшықетті нервтендіреді.


312 
Төменгі бөксе нерві (n.gluteus inferior) (L
5
-S
2
) кіші жамбас астауынан алмұртасты 
кеңістік арқылы шығып, үлкен бөксе бұлшықеті мен ұршық буынының капсуласын 
нервтендіреді. 
Жыныс нерві (n.pudendus) (S
1
-S
4
) кіші жамбас астауынан алмұртүстілік кеңістік арқылы 
шығып, шонданай қырқасын айналып өтіп, foramen ischiadicum minus арқылы өтіп, шонданай-
тік ішектік шұңқырға барып, шонданай төмпесі тұсында келесі нервтерге бөлінеді: шат 
нервтері (nn.perineales) - шонданай-үңгір, буылтық-кеуек және шаттың беткей көлденең 
бұлшықеттерін нервтендіріп, шаттың сәйкес жағының терісіне тармақ береді; жыныс 
мүшесінің дорсалды нерві (n.dorsalis penis) – шаттың терең көлденең бұлшықетіне, несеп 
шығаратын өзектің сыртқы тесігінің қабырғасына, еркек жыныс мүшесінің (деліткінің) басы 
мен денесінің терісіне тармақ береді; тік ішектің төменгі нервтері (nn.rectales inferiores) – тік 
ішектің төменгі бөлігіне, артқы өтістің сыртқы қысқышына және артқы өтіс айналасының 
терісіне тармақ береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет