Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігінің нервтері



Pdf көрінісі
бет172/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігінің нервтері. Жауырынның дорсалды нерві (n.dorsalis 
scapulae) (C
5
) жауырынның медиалды жиегін бойлап, төмен артқа бағытталады; жауырынды 
көтеретін және ромбтәрізді бұлшықеттерді нервтендіреді. Ұзын кеуде нерві (n.thoracicus 


308 
longus) (C-
5
C
7
) алдыңғы тісті бұлшықеттің сыртқы бетімен жүре отырып, аталған бұлшықетті 
нервтендіреді. Жауырынасты нерві (n.suprascapularis) (C
5
-C
7
) аттас артериямен және венамен 
бірге дорсалды бағытталып, incisura scapulae арқылы өтіп, қылқанүсті және қылқанасты 
бұлшықеттерін нервтендіреді. Бұғанаасты нерві (n.subclavius) (C
5
) аттас бұлшықетке барады. 
Жауырынасты нерві (n.subscapularis) (C
5
-C
7
) бірнеше тармақ түрінде дорсалды бағытталып, 
аттас және үлкен дөңгелек бұлшықетті нервтендіреді. 
Иық өрімінің бұғанаасты бөлігінің нервтері. Медиалды және латералды кеуде 
нервтері (nn.pectorales medialis et lateralis) үлкен және кіші кеуде бұлшықеттерін 
нервтендіреді. Бұлшықет-терілік нерв (n.musculocutaneus) (C
5
-C
7
) латералды будадан төмен 
бағытталып, m.coracobrachialis-ті тесіп өтіп, иықтың алдыңғы топ бұлшықеттерін 
нервтендіреді және білектің сыртқы бетіне терілік тармақ береді. Иық пен білектің медиалды 
терілік нервтері (nn.cutanei brachii et antebrachii mediales) (C
8
-Th
1
) иық өрімінің медиалды 
будасынан бірнеше ұсақ сабау түрінде төмен бағытталады. Сабаудың бір бөлігі көптеген 
тармақтарға бөлініп, иық пен білектің алдыңғы және медиалды беттерінің терісін 
нервтендіреді. 
Орталық нерв (n.medianus) (C
5
-Th
1
) иық өрімінің медиалды және латералды 
будаларының екі түбіршігінен (radix medialis et radix lateralis) түзіледі. Иықтың тамыр-нерв 
шоғырының құрамында ортаңғы нерв sulcus bicipitalis medialis-те, алдымен иық артериясынан 
сыртқа, кейін оны иықтың орта тұсында алдынан қиып өтіп ішке өтеді. Иықта бүйір тармақтар 
бермейді. Шынтақ буыны деңгейінде білектің алдыңғы бетіне өтіп, саусақтардың беткей және 
терең бүккіштерінің арасында орналасады. Осы жерде білезіктің шынтақтық бүккіші мен 
саусақтардың терең бүккішінің медиалды бөлігінен басқа бұлшықеттерге көптеген 
бұлшықеттік тармақтар мен m.pronator quadrates-ке жеке тармақ шығады. Сіңірлермен бірге 
retinaculum flexorum астынан қол басына өтіп, ортаңғы нерв үш тармаққа – саусақтардың 
алақандық жалпы нервтеріне (nn.digitales palmares communes) бөлінеді. Бұл нервтердің 
латералдысы бас бармақ томпағы бұлшықеттерінің көп бөлігін (қысқа әкететін, қарама-қарсы 
қоятын және бас бармақтың қысқа бүккішінің беткей қарыншасын) және І, ІІ mm.lumbricales-ді 
нервтендіреді. Алақан сүйектері басының деңгейінде саусақтардың алақандық нервтері екі 
саусақтың алақандық меншікті нервтеріне (nn.digitales palmares proprii) бөлінеді, олар І, ІІ, ІІІ 
саусақтардың алақан бетінің терісін, ІҮ саусақтың сыртқы бетін және алақан терісінің сәйкес 
бөлігін нервтендіреді. Бұдан басқа, ортаңғы нерв шынтақ, кәрі жілік-шынтақ және қол басы 
буындарының капсуласына тармақ береді. 


309 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет