Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет31/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Екі ядролы процессорлар (2.14
-сурет
, в) — ол бір кристалда 
орналасқан немесе бір корпуста орналасқан екі жеке процессор. 
Соған сəйкес екі ядролы процессордың кіретін жеріне командалар 
мен деректердің екі жеке ағыны келеді, сондай-ақ жеке шығады. 
Бір-біріне өзара əсер етуді екі ядролы процессор ішінде қос ағын 
жүргізбейді. Өзгешелікті тек интерфейс схемалары құрайды – 
сыртқы ортамен ақпарат алмасу, сондай-ақ кэштің де, бірақ 
мұндағы екі процессор ресурстарды пайдалану құқығы мен тəртібі 
үшін тек бəсекелеседі. 
Егер екі ядролы процессорда əлі де Hyper-Threading 
технологиясы ( 2.14
-сурет
, г) болса, онда пайдаланушы бірден төрт 
команданы өңдей алатын (процессор ішінде төртке бөлінген екі 
ағын) төрт логикалық процессорды көре алады. 
Бірнеше 
ядроларды 
бір 
кристалға 
қосудың 
бірқатар 
артықшылықтары бар. Алдымен олар процессорлардың өндірісін 
жобалау жəне ұйымдастыру мəселелерінің азаюымен байланысты. 
Ол тағы бір тиімді ядро жасап шығаруға, содан соң архитектураны 
қажетті жүйелік компоненттермен толықтыра отырып оны қажет 
мөлшерде тираждауға мүмкіндік жасайды. Мұндай тұрғының 
модульдығы, масштабтылығы болады, ал ең бастысы еңбек 
шығындарын азайтады, ол болашақта процессор нарығында күштер 
тепе-теңдігін өзгерте алады. Ол бір ядрода транзисторлар санын 
арттыру жаңа кристалдарды жобалау мен дайындау кезіндегі 
шығындардың 
кенет 
артуына 
əкеліп 
соқтыратындығымен 
байланысты. Осыған орай іскерлік түрі ең ірі компаниялардың 
айрықша құзыреті болуда. Модульдік жобалау кезінде еңбек 
шығындары бірыңғай, бірталай күрделі процессорлық ядроны 
жобалауға қарағанда өте төмен болады. 
Сонымен қатар көп ядролы процессорларға өту энергия 
тұтынудың тұрақты артып келе жатқан мəселелерін шешуге 
мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта нақты материалдық емес саламен 
жұмыс істейтін ақпаратты өңдеу орталықтары энергия тұтыну 
деңгейі бойынша өнеркəсіптік кəсіпорындармен теңесті. Кристалға 
мысалы, екі ядроны орналастыру кезінде жəне аналогтік бір ядролы 
процессорға қарағанда екі есе аз тактілік жиілікте жұмыс істеуін 
қамтамасыз еткенде жəне жиынтық сипаттамасына тең болатын 
өнімділігі бар осы кристалды монолитті аналогпен салыстырғанда 
энергия пайдалану бірнеше есеге азаятыны байқалады, себебі ол 
жиілік квадратына пропорционал. 
63 


Алғашқы екі ядролы Power 4 процессорды 2001 ж. IBM корпорациясы 
шығарды. Көп ядролы процессорларды Sun Microsystems (сегіз 
ядролы UltraSPARC T1), сондай-ақ Intel жəне AMD компаниялары ұсынды. 
Конструктивті түрде «екі ядролық» кристалда (ауданы 200 мм2) бірдей 
уақытта жұмыс істейтін (параллель) екі тəуелсіз процессорлардың болуын 
білдіреді. Ол ДК өнімділігінің 80 ... 100 % артуына əкеледі. 
AMD компаниясының екі ядролы процессорлары Opteron (1,8 ... 2,2 
ГГц тактілік жиіліктегі нұсқаларда) жəне Athlon (2,0 ... 2,6 ГГц тактілік 
жиіліктегі нұсқаларда) ядроларының негізінде. Алғашқысына қосымша 
таңбалау берілген — 2xx жəне 1xx, екіншісіне — X2 (мысалы, Athlon 64 
X2 4200). 
2006 ж. басында AMD Operton серверлік екі ядролы процессорлардың 
жаңа жоғары өнімді модификацияларын шығару туралы хабарлады: Model 
885, Model 285, Model 185. 2006 ж. ортасында AMD фирмасы нарыққа 
энергия тұтыну деңгейі төмен болатын – 65 Вт Athlon 64X2: 4 000+, 4 
400+, 4 600+ и 4 800+ екі ядролы процессорларын шығарды. 
2007 ж. соңында AMD ертеректе Barcelona деген кодтық атаумен 
белгілі болған Quad-Core AMD Opteron төрт ядролы процессорлар 
сызығын шығарды. Opteron — бірінші нағыз төрт ядролы x86- 
микропроцессор — қуат үнемдеу саласында кейбір жаңашыл шешімдерді 
пайдалана отырып тиімді архитектурасымен жəне аппараттық деңгейде 
архитектура 
есебінен 
жүзеге 
асырылған 
жақсартылған 
виртуализациясымен ерекшеленеді. 
Intel (мысалы, Intel Pentium Extreme Edition 840) компаниясының 
алғашқы біршама өнімді екі ядролы процессорлар конструкциясының 
негізінде жұмыстарын логикамен келістірушімен қамтамасыз етілген 
Prescott (0,09 мкм технологиясы бойынша) екі процессорын пайдалану 
кірді. Барлық екі ядролы Pentium 4 Pentium D деген атауға жəне 
сегізжүзінші, сонымен қатар тоғыз жүзінші серияға иеленді (Pen-tium D 
8xx жəне 9xx). 
2005 ж. Intel компаниясы 0,065 ... 0,090 мкм технологиясы бойынша, 
3,73 ГГц тактілік жиілігіне жететін жəне жоғары өнімді серверлер мен 
жұмыс станцияларына арналған екі ядролы Xeon базасындағы 
процессорлар сызығын шығарды. 
2006 ж. Intel корпорациясы жоғары өнімді екі ядролы процессорлардың– 
Intel Core (0,065 мкм технологиясы бойынша) 2,33 ГГц дейін тактілік 
жиілігі бар мультимедиялық қосымшалардың мүмкіншіліктерін кеңінен 
қолдануға мүмкіндік беретін жаңа микроархитектурасын істеуді ұсынды. 
Эксперименттік микросхема əлдеқашан шығарылған — TRC (Tera 
Research Chip), ол ауданы275 мм
2
болатын, 62 Вт энергия пайдаланатын 
80-ядролы чип. 
64 


3,16 ГГц тактілік жиілігінде оның есептеу қуаты 1,01 Tflops (1 - 
10
12
— секундына қалқыма үтірі бар триллион операциялар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет