Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


 Конструкциялар және жұмыс істеу принципі



Pdf көрінісі
бет39/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

3.3.1. Конструкциялар және жұмыс істеу принципі 
 
Винчестерлердің модельдерінің алуан түрлілігіне қарамастан олардың 
жұмыс істеу принциптері мен негізгі конструктивтік элементтері бірдей. 
3.4 суретте қатқыл дисктегі жинақтауыш конструкциясының негізгі 
элементтері көрсетілген. 
3.3
-сурет
. Магнит дискті форматтау кезінде жолдар мен секторларға бөлу 
79 


Типтік жинақтауыш герметикалық корпустан (гермоблок) жəне 
электрондық блок тақтасынан тұрады. Гермоблокта барлық механикалық 
бөліктері орналастырылған, тақтада — барлық басқарушы электроника 
орналастырылған. Гермоблок ішінде бір немесе бірнеше магнит дисктері 
бар шпиндель орнатылған, олардың арасында оқу-жазу қалпақшалары 
орналастырылған. Олардың астында қозғалтқыш орналастырылған. 
Жалғағыштарға жақын шпиндельден сол жағынан немесе оң жағынан 
магнит қалпақшаларының бұрылыстық позиционері болады. Позиционер 
баспа тақтасымен иілгіш таспалы кабельмен (кейде бірөзекті сымдармен) 
байланысқан. 
Гермоблок бір атмосфералық қысымда ауамен толтырылады. 
Гермоблоктардың қақпақтарында шаңды жұтуға арналған фильтрлеуші 
жабынмен жабыстырылған арнайы саңылау болады. Винчестерлердің 
габариттік өлшемдері формфактор (Form-Factor) деп аталатын 
параметрлер бойынша стандартталған. 
Алғашқы винчестерлердің магнит дисктерінің төсемдері магний 
қосылған аллюминий қоспаларынан дайындалған. Қазіргі уақытта дисктік 
пластиналарға арналған негізгі материал ретінде төмен температуралы 
кеңею коэффициенті бар шыны мен керамика композициялық материалы 
қолданылады, ол температураның өзгерістеріне сезімталдығы аз, берік 
қылады. Магниттік дисктер мынадай өлшемдерде шығарылады: 2,5"; 1,8"; 
3,5". 
Дисктер магниттік затпен – жұмыс қабатымен қапталады. Ол оксидті, 
немесе жұқа қабықтар негізінде болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет