Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


СК-монитордың ұяшығының әрекет принципі



Pdf көрінісі
бет59/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

СК-монитордың ұяшығының әрекет принципі (4.5-суретті қараңыз) 
келесіде болады. Төсемдер арасында кернеу болмаған кезде СК- 
монитордың ұяшығы мөлдір болады, себебі төсемдердегі қарықтардың 
перпендикуляр орналасуы жəне сұйық кристалдардың оптикалық осьінің 
сəйкес бұрауы салдарынан жарық поляризация векторы бұрылады жəне 
поляризатор-талдағыш жүйесі арқылы өзгеріссіз өтеді (4.5, а-сурет). 
Сұйық кристалды заттың молекуласының сəйкес бұрылуын қамтамасыз 
ететін ұяшықтардың бағдарлаушы жырашықтары 90° бұрышы астында 
орналасқан, ол твистирленген нематикалық деп аталады. Төсемдер 
арасында 3...10В кернеуін түзген кезде сұйық кристалды заттың 
молекулалары өрістің күш сызықтарына параллель орналасады (4.5, б- 
сурет). Сұйық кристалды заттың твистирленген құрылымы бұзылады, 
жəне ол арқылы өтетін жарықтың поляризация жазықтығының бұруы 
болмайды. Нəтижесінде жарықтың поляризация жазықтығы талдағыш 
поляризация жазықтығымен үйлеспейді, жəне СК-ұяшық мөлдір емес 
болып шығады. Әр СК-ұяшыққа қойылған кернеу ДК қалыптасады. 
Түрлі түсті кескінді экранға шығару үшін жарық СК-дисплейдің артқы 
бөлігінде 
пайда 
болатындай 
етіп 
монитордың 
арт 
жағынан 
жарықтандыруы жүргізіледі. Түс СК-ұяшықтарының триадаға бірігуі 
нəтижесінде қалыптасады, олардың əрқайсысы үш негізгі түстің біреуін 
өткізетін жарық сүзгішімен жабдықталған. 
СК-мониторлардың 
ажыратымдылығын 
көбеюі 
арнайы 
технологиялардың көмегімен қол жеткізіледі. 
Молекулалардың бұрауы 90° тең болатын технология твистирленген 
нематикалық деп аталады (TN — Twisted Nematic). Бұл технологияны іске 
асыратын СК-мониторларының кемшіліктері төменгі тез əрекеттікпен; 
кескін сапасының (ашықтық, кереғарлық) сыртқы жарық бергішке тəуелді 
болуымен; ұяшықтардың барынша өзара əсерімен; кескін жақсы көрінетін 
көрудің шектеулі бұрышымен, сонымен қатар кескіннің төмен ашықтығы 
мен қанықтығына байланысты болады. 
СК-мониторлардың жетілдіру жолындағы келесі кезең СК-заттың 
молекулаларының бұру бұрышын TN-технологиясының көмегімен 90 - 
нан 270° дейін көбейту болды (Super-Twisted Nematic). Жиі STN-ұяшықтар 
жұбымен қолданылады. Мұндай құрылым DSTN (Double Super Twisted 
Nematic) деп аталады, мұндағы бір екі қабатты DSTN-ұяшық екі STN- 
ұяшықтан тұрады, жұмыс жасау кезінде олардың молекулалары қарама 
қарсы жаққа бұрылады. 
126 


Жарық мұндай құрылымнан «бекітулі» жағдайда өтіп, өзінің 
энергиясының көп бөлігін жоғалтады. DSTN кереғарлығы мен айыру 
қабілеті барынша жоғары, сондықтан түрлі түсті дисплей жасап шығаруға 
мүмкіндік пайда болды, мұнда əр пикселге үш СК-ұяшық пен негізгі 
түстердің үш оптикалық сүзгі келеді. Түрлі-түсті дисплейлер шағылысқан 
жарықтан жұмыс жасай алмайды, сондықтан артқы көмескі жарықтың 
шамы – олардың міндетті анықтауышы. Сырт аумақтық өлшемдерді 
қысқарту үшін шам бір жағынан болады, 4.6-суретте көрсетілгендей оған 
қарсы айна болады, сондықтан көптеген LCD-матрицалардың ортада 
жарықтығы шет жақтарына қарағанда жоғары болады (бұл үстелге 
қойылатын СК-мониторларға қатысты емес). 
Сонымен қатар STN-ұяшықтары TSTN режимінде қолданылады (Triple 
Super Twisted Nematic), полимерлі пленканың екі жұқа қабаты түрлі-түсті 
дисплейлердің түс жіберуін жақсарту үшін немесе монохормдық 
мониторлардың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін қосылады. 
СК-ұяшықтардың тез əрекеттігін жоғарылату үшін қосарлап сканерлеу 
технологиясы қолданылады (DSS — Dual Scan Screens), барлық СК-экран 
жұп жəне тақ жолдарға бөлінеді, олардың жаңартуы біруақытта 
орындалады. Қосарлап сканерлеу көбірек қозғалғыш молекулаларды 
пайдаланумен бірге СК-ұяшықтың реакция уақытын төмендетуге жəне 
экранның жаңарту жиілігін барынша көтеруге мүмкіндік берді. 
Тұрақтылық, сапа, кескіннің ажыратымдылығы мен ашықтығы 
көзқарасы жағынан ең жақсы нəтижелерді алу үшін бұрын қолданылған 
пассивті матрицадан айырмасы активті матрицамен мониторлар 
қолданылады. Пассивті матрица термині (Passive Matrix) монитордың 
келесі құрылымдық шешіміне жатады, оған сəйкес монитор бөлек 
ұяшықтарға бөлінген, олардың əрқайсысы басқаларынан тəуелсіз қызмет 
етеді, осылайша нəтижесінде əр мұндай элемент кескін түзу үшін бөлек 
жарықтандырыла алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет