ДК құрамындағы тінтуір тек қана 1980-жылдардың ортасында ғана пайда
болды. Мұнымен қоса бірінші кеңестік ЭЕМ ұқсас əрекетті құрылғы
«бауырсақ» деп аталды.
Барлық компьютерлік тінтуірлердің құрамында компоненттер қатары
болады: корпус, түйісулері бар баспа тақшасы, микроауыстырып-қосқыш
(батырмалар), айналдыру дөңгелегі(-тері).
Тінтуірлер əрекет ету
принципі бойынша механикалық, оптикалық,
лазерлі, трекбол-тінтуірлер, гироскоптік деп бөлінеді.
204
Ең көп танымалдары механикалық, оптикалық жəне лазерлі
тінтуірлер.
Механикалық тінтуір келесі негізгі элементтерден тұрады.
Тінтуірдің корпусының төменгі жазықтығында саңылау болады, ол
пластмасс тығырықты бұраумен ашылады. Тығырық астында
резеңкелі жабыны бар металдан жасалған 1,5 ... 2,0 см диаметрлі
кішкене шар болады (6.3-сурет). Шарлармен
тікелей байланыста
білікшелер болады. Сонымен бірге білікшелердің біреуі ғана
шармен басқару үшін қызмет етеді, ал
басқа екі білікшелер
тінтуірдің механикалық жылжуын тіркейді. Кілемшемен тінтуірді
қозғаған кезде шар қозғалысқа келеді де,
онымен жанасатын
білікшелерді айналдырады. Білікшелердің айналу осьтері өзара-
перпендикуляр болады. Бұл осьтерде тесілген дисктер орнатылады,
олар екі пластмасс цоколь арасында айналады. Бір цокольде жарық
көзі болады, ал басқасында – фотосезгіш элемент (фотодиод,
фоторезистор немесе фототранзистор). Растрлы типті мұндай
фотодатчиктің
көмегімен
тінтуірдің
салыстырмалы
орын
ауыстыруы нақты анықталады. Екі растрлы датчиктердің көмегімен
тінтуірдің орын ауыстыру бағыты (фотосезгіш
элементтердің
жарықтандыру реттілігі бойынша) жəне импульстердің жиілігіне
байланысты орын ауыстыру жылдамдығы орнатылады. Фотосезгіш
элементтердің
шығуындағы
импульстер
микробақылаушы
көмегімен ДК үйлесімді деректерге түрлендіріледі жəне аналық
тақшаға жіберіледі.
Механикалық тінтуірлер ақпараттың
фотоэлектрлік орамы
есебінен оптикалық-механикалық деп те аталады.
Достарыңызбен бөлісу: