жəне қадамдық механизм көмегімен түпнұсқа бойымен жылжиды.
Негізінде
барлық
планшетті
сканерлер
бір
түпнұсқадан
көшірмелерді алуға есептелген,
алайда сканерлердің кейбір
модельдеріне бірнеше түпнұсқаларды сканерлеу жəне ретті жіберу
үшін қосымша құралдар тіркеледі.
Бұл типті сканерлердің кемшіліктеріне үлкен орын алатын
ауданы, тасымалдаушыға түзу емес орналастырылған кескінмен
түпнұсқаны түзеу күрделілігі, мөлдір түпнұсқаларды сканерлеудің
мүмкін еместігі жатады.
Алайда бұл кезде планшеттік сканерлер – мəтіндік жəне
графикалық ақпаратты енгізудің ең көп таралған құрылғысы. Олар
іскер корреспонденцияда да, жоғары
сапалы басылымдарда да
қолданылатын кескіндердің қажетті сапасын қамтамасыз етеді.
Планшетті сканерлердің сипаттамасын жақсарту үшін бірнеше
технологиялар жасап шығарылған, олардың біреуі – өзгермелі
сынумен оптикалық жүйе -
VAROS (Variable Refraction Optical
System) Canon компаниясымен ұсынылған жəне
ЗБА негізінде
сканерлеуші
элемент
түйінінің
жетегінің
құрылымын
күрделендірмей сканердің аппараттық ажыратымдылығын екі
еселеуге мүмкіндік береді. Планшеттің дəстүрлі құрылымында ақ
жарықтың сəулесі түпнұсқаның сканерленетін жолағына сəуле
əсерін тигізеді, оның кескінін ЗБА сызғышымен күрделі оптикалық
жүйе арқылы оқу үшін бағыттайды. Сканердің айыру қабілеті ЗБА
сенсор санымен шектелген. ЗБА-да
сканерленетін элементте
барлығы 8мың...11 мың жарық сезгіш сенсорлар монтаждалған
болуы мүмкін.
Canon
VAROS
технологиясының негізіндегі сканерлеуші
элемент (
Variable Refraction Optical System) —
линзалар мен ЗБА
арасында орналасқан шыны тіліммен толықтырылған өзгеретін
сынуы бар оптикалық жүйе. Басында ұқсас дəстүрлі технологияны
сканерлеу жүзеге асырылады. Содан соң шыны тілім бұрылады,
жəне сканерлеу процесі қайталанады.
Мұндай құрылғы сканерге
жарты пикселдегі ауысумен деректерді оқуға мүмкіндік береді.
Сканерлеудің бірінші жəне екінші кезеңдерінің нəтижелерін
біріктіретін бағдарламалық жасақтама екі есе көп дерек алуға
мүмкіндік береді, ал нақты ажырату екі есе көбейеді.
Ажыратымдылықты көтерудің басқа нұсқасы – бір емес, ЗБА екі
сызғышының монтажы, оның біреуі тəжірибеде жиі қолданылатын
ажыратымдылықтың орта мəніне, ал басқасы – жоғары мəніне
есептелген. Бірінші сызғыш сканерлеудің жоғары жылдамдығын
қамтамасыз етеді, ал екіншісі – төмен жылдамдық, ол құрылғының
жалпы өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
215
Canon компаниясының тағы бір инновациясы —
Галилео
линзалары деп аталатын планшетті сканерлер үшін линзалар
жиынтығын қолдану. Мұндай оптикалық құрылғы бесбуынды
кеңбұрышты линзаны береді, ол сканердің ажыратымдылығының
барынша артуын қамтамасыз ететін шағылыстырылған сəулені өте
кіші диаметрлі даққа тоғыстыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: