Архивациялық сервер ақпаратты көп сервисті желілерде резервтік
көшірмелеу үшін қызмет етеді. Ол ауыстырылатын
картридждері бар
магнит лентадағы тасымалдағыштарды (стриммер) қолданады.
Факс-сервер бірнеше факсмодемдік тақталармен, ақпаратты беру
кезінде рұқсатсыз қол жеткізуден арнайы қорғаныспен тиімді көп
адрестік байланысты ұйымдастыру үшін арналған.
Пошталық сервер факс-сервер
сияқты функцияларды атқарады,
алайда электрондық поштаны ұйымдастыру үшін, сонымен бірге
электрондық пошталық жəшіктермен жұмыс жасау үшін қызмет
жасайды.
Баспа сервері жүйелік принтерлерді тиімді пайдалануға арналған.
Телеконференциялар
сервері
—
пайдаланушыларды
телеконференциялармен жəне жаңалықтармен қамтамасыз ету
бағдарламасы болатын компьютер.
Егер компьютерге тиісті желілік
бағдарламалық жабдықты
орнататын болса, онда компьютер сервер ретінде бола алады жəне бір
уақытта бірнеше функцияларды орындай алады, мысалы, пошталық
сервер, жаңалықтар сервері, қосымшалар сервері жəне т.б. бола алады.
Үлкен ЭЕМ — жалпы қолданыстағы əмбебап ЭЕМ,
шет елде жиі
мэйнфрейм деп аталады (Mainframe), тарихи алғашқы пайда болған.
Мэйнфреймдер осы күнге дейін үздіксіз тəуліктік қолдану режимін
қамтамасыз ететін жалпы қолданыстағы ең мықты есептеуіш жүйелері
болып қалады (суперкомпьютерлерді есептемегенде). Мэйнфреймдерді
негізгі тасымалдаушылар белгілі компьютерлік компаниялар IBM,
Amdahl, Siemens жəне тағы басқалар, бірақ басты рольді ІВМ-ге
тиесілі.
Мэйнфреймдерді тиімді қолданудың негізгі бағыттары — ол
ғылыми-техникалық
тапсырмаларды шешу, үлкен деректер қорымен
жұмыс жасау, есептеуіш желілермен жəне олардың ресурстарымен
басқару. Мэйнфреймдерді қолдануда ең өзектісі есептеуіш желілердің
үлкен серверлері ретінде қолдану.
Мини-ЭЕМ саны жағынан ең көп жəне тез дамитын ЭЕМ класы, ол
кішкентай өлшемді габариттермен, төмен бағасымен (үлкен жəне супер
ЭЕМ салыстырғанда) жəне əмбебап мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді.
Олар 1960-шы жылдары пайда болды жəне технологиялық процестерді
басқару, автоматтандырылған жобалауды жəне
икемді өндірістік
жүйелерді құру, көп пайдаланылушылық есептеу жүйелерінде,
автоматтандырылған жобалау жүйелерінде есептеулер жүргізу,
жасанды интеллект жүйелерінде күрделі емес объектілерді үлгілеу
үшін кең қолданылды.
29