Байланыс құралдарымен жабдықталған.
Субноутбуктер — өте кішкентай СКД 8 дюймнен «ноутбук
сынды» мөлшерге дейін ДК. CD/DVD дискжетектері болмайды,
бірақ
модем мен желілік картасы болуы мүмкін. Салмағы ноутбуктен 1,5 — 2
есе аз, дегенмен өнімділігі өте жоғары.
Қалта компьютерлері (PalmTop немесе
PDA —
Personal Digital
Assistant) — электрондық кітаптарды оқу үшін органайзер жəне жазба
кітапшасы ретінде, мультимедиа орталығы жəне т.б. ретінде
қолданылады. Ақпаратты арнайы қаламмен енгізуге мүмкіндік
жасайды,
бірақ
пернетақтаны
қосуға
болады.
Стационарлы
компьютерлерге қосылу құралдарымен жабдықталған. PDA типті
компьютерлерде мүмкіндіктер мөлшері əдетте қысқартылған, олардың
кейбіреуі мəтінді жазуға, күрделі емес есептеулерді жасауға жəне кесте
жүргізуге мүмкіндік береді.
Аппараттық сəйкестігі бойынша,
яғни электрондық құрылғылар
жинағының үйлесімділігі бойынша ДК үйлесімді IBM PC жəне Арр!е
Macintosh деп бөлінеді.
ДК аппараттық құралдарының даму жəне жетілдіру процестерін
реттеу, Microsoft, Intel, Compaq корпорацияларының операциялық
жүйелерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында 1997 ж. бастап
РС97, РС98, РС99, РС2001 спецификацияларын жасап шығарды. Осы
спецификациялар архитектураны, құрылғылар жинағын жəне
оларға
талаптарды, BIOS функцияларын, ДК конструкциясы мен корпус типін
сипаттайды, жəне шындығына келгенде аппараттық құралдарды
өндірушілер үшін нұсқаулық болып табылады.
Спецификацияларға сəйкес компьютерлер нарығында РС жүйелері
мынадай жіктеледі.
C ons u m e r PC — сауықтар мен ойындарға арналған үй
қолданысына арналған ДК, сондай-ақ кіші немесе үй кеңсесінде
қолданылатын ДК — Small Office/Home Office (SOHO).
O f f i c e P C — Consumer PC –ден төмен бағасымен жəне
локальдық желіде жұмыс істеуге мүмкіншілігімен ерекшеленетін
корпоративтік қолдануға арналған ДК.
W or ks t a ti on — ресурс сыйымды қосымшалармен жұмыс үшін
қолданылатын жұмыс станциясы:
автоматты жобалау, үлгілеу
жүйелерімен, банктік бағдарламалармен, күрделі баспа жүйелерімен.
Mobil e P C — мобильдік ДК.
E nte r ta inm e nt PC — 2D/3D-графика жəне дыбыстық сүйемелдеуі
бар ойындарға; Internet-те жұмыс жасауға; дербес байланыспен
(электрондық пошта, видеотелефондық байланыс)
қамтамасыз етуге;
үлкен ажыратылымдығы бар интерактивті телевидениеге бағдарланған
мультимедиялық ДК.
31
Сонымен қатар мультимедиялық ДК үй кинотеатрының дыбыстық
жүйесінде; ойындар мен DVD-фильмдер көруге қолданылуы мүмкін;
видеомагнитофонның бейнелерін санға аудару үшін видеосигнал көзі
ретінде; ДК-де видеосюжетті тізбекті жаңғырту жəне редакциялау үшін
қолданылуы мүмкін.
ДК санаттары ішінен əрбірі тиісті спецификацияда орнатылған
дербес компьютердің базалық сипаттамалар жинағына сəйкес болуы
керек.
Достарыңызбен бөлісу: