Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет14/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Access Memory еркін қатынауы бар жады). Компьютерде 
орнатылған жедел жады көлемі онда қандай бағдарламалық жабдықпен 
жұмыс істеу керектігін анықтайды. Жеткіліксіз жедел жады көлемінде 
көптеген бағдарламалар немесе жұмыс істемейді, немесе өте баяу 
жұмыс істейтін болады. 
Кэш-жады — тез əрекетті компьютерлерде жедел жадыға 
қолжеткізудің жеделдеуін қамтамасыз етуші аса тез əрекетті жады. Ол 
микропроцессор мен жедел жады «аралығында» орналасады жəне 
жедел жадының жиі қолданылатын учаскелерінің көшірмесін 
сақтайды. Микропроцессордың жадыға жүгінуі кезінде кэш-жадыда 
деректерді іздеу жүзеге асырылады. Кэш-жадыға қол жеткізу 
уақытының жедел жадыға қарағанда бірнеше есе аз болғандықтан ал 
көп жағдайда микропроцессорға қажетті деректер кэш-жадыда болады, 
жадыға қол жеткізу орта уақыты азаяды. 
CMOS-RAM — компьютер конфигурацияларының параметрлерін 
сақтауға арналған жады учаскесі, осылай аталуы осы жады əдетте 
төмен 
энергия тұтынатын CMOS технологиясы бойынша 
орындалуына байланысты. CMOS-RAM ішіндегісі компьютерді электр 
көзінен ажырату кезінде өзгермейді. Бұл жады периферияның 
контроллерінде орналасады, оның электр қоректенуіне арнайы 
аккумуляторлар қолданылады. Компьютер конфигурацияларының 
параметрлерін 
өзгерту 
үшін 
BIOS-та 
Setup 
компьютер 
конфигурациясының баптаулар бағдарламасы болады. 
ШМ РС-бірге тіркесетін компьютерлердегі Видеожады — монитор 
экранына шығарылатын бейнені сақтау үшін қолданылатын жады. Бұл 
жады əдетте видеоконтроллер — монитор экранына бейненің 
шығарылуын басқаратын электрондық схема құрамына кіреді. 
Сыртқы жады (сыртқы жадтау құрылғысы — СЖҚ) көп 
мөлшердегі ақпаратты орналастыру жəне онымен жедел жадымен 
алмасу үшін арналған. Сыртқы жадыны құру үшін қозғалмалы болып 
табылатын ақпараттың энергияға тəуелді емес тасымалдағыштарын 
(дисктер мен ленталар) қолданады. Бұл жадының сыйымдылығы 
шектеусіз болады, ал оған жүгіну үшін ішіндегісімен салыстырғанда 
көп уақыт қажет. Қызмет ету принциптері бойынша СЖҚ тікелей қол 
жеткізу құрылғыларына (магнит жəне оптикалық дисктердегі 
тасымалдағыштар) жəне тізбекті қол жеткізу құрылғыларына (магнит 
таспалардағы тасымалдағыштар) жіктеледі. 
25 


Т ік е л е й қ ол ж е т к і з у қ ұрыл ғ ыл а ры жоғары тез əрекеттілікке 
ие болады, сондықтан олар компьютердің жұмыс жасау процесінде 
тұрақты қолданылатын негізгі сыртқы жадтау құрылғылары болып 
табылады. Тізбекті қол жеткізу құрылғылары негізінен ақпаратты ұзақ 
сақтау үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет