Flash-жады өзінде еркін таңдауы бар жады (RAM) жəне тұрақты
жадтау құрылғысы (ROM) қасиеттерін үйлестіреді,
яғни RAM
сияқты ақпаратты өзгерте алады жəне ROM сияқты қоректен
ажыратылғанда ақпаратты жоғалтпайды. Flash-жадыға жазылған
ақпарат 100 жылға дейін сақталады жəне 1 млн циклға дейін қайта
жазуға жол береді.
Flash-жадының екі негізгі типі шығарылады:
■
NOR
(Not OR — логикалық ЖОҚ—НЕМЕСЕ) — 1988 ж. Intel
компаниясымен жасалып шығарылған;
■
NAND
(Not AND — логикалық ЖОҚ—ЖӘНЕ) — 1989 ж Toshiba
компаниясымен жасалып шығарылған.
NOR-жады деректердің еркін оқу-жазылу мүмкіндігін (жеке
байттарға дейін) жəне тез оқылуы қамтамасыз етеді, бірақ жазу мен
өшіруге қатысты баяу схемалары. Сонымен қатар мұндай жадының
ірі ұяшықтары (əрбіреуіне байланыс орнату керек) болады, ол
сыйымдылықты дайындау мен арттыруда қиындық тудырады.
Кодты сақтауға есептелген.
NAND-жады блоктік қол жеткізуді, өшіру мен жазудың жылдам
процедураларын,
модульдердің
сыйымдылығын
арттыру
қарапайымдылығы мен арзандылығын қамтамасыз етеді. NAND
Flash-жадысында деректер блоктап оқылады. Бірліктік блок өлшемі
256 байт бастап 256 Кбайт дейін ауытқиды.
Барлық заманауи
микросхемалар əр түрлі өлшемдегі блоктармен жұмыс істеуге
мүмкіндік
береді.
NAND
Flash-жадысының
блоктық
ұйымдастырылуының арқасында ол арзан, жалпы қосымшалар үшін
оңтайландырылған, кең таралған формасы болып табылады.
Қарапайым жағдайда Flash-жадысының бір ұяшығында бір бит
болады жəне бір немесе екі өрістік
транзисторларда орындалуы
мүмкін. Бұл термин осы саланың əлеуеті тұрақты болатындықтан
пайда болды, ол оған электрон,
яғни заряд шоғырландыруға
мүмкіндік береді, жəне дəл осы жерде ақпарат сақталады. Зарядтың
болуы немесе болмауы бір битті кодтайды: логикалық 1 — заряд
жоқ, логикалық 0 — бар. Жады деректерін жазу-өшіру процесінде
ажырамас бөлігі болып табылатын «қалқымалысынан»
жоғары
басқарушы жапқыш болады. Бастауы мен аяғы арасында
бағдарламау кезінде оң өріс салдарынан басқарушы жапқышта
канал – электрондар ағыны құрылады.
Электрондардың кейбіреуі
көп энергия болуына байланысты диэлектрик қабатынан өтеді жəне
«қалқыма» жапқышқа түседі, онда бірнеше жылдар бойы
сақталады.
113
3.16
-сурет
. Өрістік транзистор негізіндегі Flash-жады ұяшығы. Күйлер сəйкес келеді:
а
— логикалық 0 (ағып кету жерінен бастауға қарай ток жоқ);
б
— логикалық 1;
в
— құрылым
Ақпаратты өшіру үшін басқарушы жапқышқа жоғары теріс кернеу
беріледі, жəне электрондар «қалқыма»
жапқыштан бастауына өтеді
(туннельдейді).
114
Flash-жады ақпаратты басқа тасымалдағыш түрлерін пайдалану
мүмкін емес күрделі қолдану жағдайларында басқару жүйелерінде
кең қолданыс тапты. Мысалы өндірісте, транспортта,
авиация мен
ғарыш саласында. Сонымен қатар Flash-жады тұрмыстық қолдануда
да тиімді. Ол кез келген компьютер құрамына, сондай-ақ əр түрлі
құрылғыларға (CD-ROM, видеоадаптер,
дыбыстық карта, модем)
жүйелік тақтаның BIOS микросхемасы ретінде кіреді. Ұялы
телефондардың SIM-картасында Flash-жады болады.
Портативті техника құрылғыларында мынадай
Flash-жады
Достарыңызбен бөлісу: