Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет13/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

эпиталамалар да маңызды орынға ие. Эпиталамалар өзiмiздiң 
үйлену тойларымызда айтылатын «жар-жар» түрiндегi жырларға 
өте ұқсас, келiннiң өз үйiнде, құрбылары ортасында өткiзген 
бұрынғы жас дәуренiмен қоштасуы, құрбылардың жiгiтке назы
келiн мен күйеудiң жақсы қасиеттерге жақын болып, жаман әдеттен 
бойларын алыс салуы т.б. насихатталады; той қарсаңында жаңа 
өмiр табалдырығында тұрған жастарға жақсы тiлектер айтылады. 
Мiне, осындай топқа жататын кiшкене бiр өлең үзiндiсiнде Сапфо 
келiндi жемiстi ағаштың басындағы қырмызы қызыл алмаға теңейдi. 
Жиын-терiм уақтында бағбанның қолы жетпей қалған, содан берi 
адамдардың сiлекейiн шұбыртқан сол алма бақытты жiгiтке ғана 
бұйырады.
Қыз-жiгiттер екi топқа бөлiнiп кезектесiп эпиталамаларды 


56
айтып, келiндi күйеудiң үйiне шығарып салады. Сапфоның табиғат 
жыршысы екендiгi де, ақын атаулыға үлгi болғандай… Ол даланы 
сүйедi, желпiп соққан кешкi майда қоңыр желмен гүл сабағындай 
тербеледi, көңiлiңе махаббат сезiмiн ұялатады…
Өмірінің ішкі күйлерін Сапфоның бізге жеткен сүйікті қызы 
Клейда мен жеңіл мінезді інісі Хараксуға арнаған жырларынан 
білеміз. Бұл элегияларда терең жан күйзелісі көрінбесе де, ақын 
сезімі жалаң сипаттаулардан анық танылады. Сапфоның інісі 
Хараксуға арнаған өлеңі төмендегідей:
Жалған атақ-даңққа құмартасың,
Сөйлегенде астамсып, тым артасың.
Сол себепті достарсыз жалғыз қалдың,
Өрескелсің, өзіңе кінә артасың.
Сөгіс айтсам. Жазғырам. Өкпем анық,
Қылығыңмен батпандай жүк артасың.
Қиналамын сен салған бүліктен де,
Шошынамын сен жайлы күдіктен де,
Саған жаным ашымас бұдан былай,
Ашиды деп және де үміттенбе [10,20].
Сапфо жырлары жайлы әлi де бiр талай әңгiме айтуға болар едi, 
бiрақ оны оқулықтың талабы көтермейдi.
Монодик лириканың үшiншi бiр өкiлi - Анакреонт (б.з.б. VI 
ғасырдың екiншi жартысы) Кiшi Азияның Теос қаласында туған. Ата 
жұртын парсылар жаулап алған соң бірнеше патшаның сарайында 
жасайды. Өмiрiнiң көп бөлiгiн Самос аралының патшасы Поликрат 
сарайында өткiзедi. Поликрат өлтiрiлгеннен кейiн Афина әміршісі 
Писистраттың ұлы Гиппархтың шақыруымен оның сарайына келедi. 
Гиппарх өлтiрiлiп, Афинадағы оның билiгі құлаған соң, Фессалия 
патшалары сарайын паналайды. Ұзақ өмiр сүрiп (85 жыл) кейбiр 
деректерде Абдера қаласында, ал кейбiр мәлiметтерде өзiнiң отаны 
Теоста көз жұмады.
Анакреонттың өмiрi өте тыныш өтедi. Ол соғысқа араласқан 
жоқ, саясатпен iсi болмады, бейбiт ғана ғұмыр кештi. Ақын өз 
шығармаларында бақытты өмiрдi ғана жырлады. Оның жырлары 
Сапфо мен Алкей жырларына ұқсас болғанымен, онша терең емес, 
онда дерт те, қайғы да кездеспейдi. Оның махаббаты сыртқы
үстiртiн махаббат қана. Өлеңдерi жеңiл, ойнақы болып келедi. Тiптi, 
қартайған шағында да махаббатқа жеңiл қарайды, өзiн еркiн сезiнедi. 


57
Жақындап қалған ажал оны қорқыта алмайды, оған күлiмсiреп 
қарайды. Бiрақ өлiмдi мойындап, одан сескенетiн сияқты. Ол 
өлiмдi қайтып шыға алмайтын қапас, тұңғиық деп түсiндiредi. Өмiр 
қуаныштарын қиғысы келмейдi, оны сүйедi…
Анакреонт ғашықтық жырлардан басқа мадақ өлеңдер, элегия, 
эпиграмма және т.б. түрлi шығармалар да жазған. Бiрақ ақын 
лирикасының түрлерi қанша көп болғанымен, барлығының мазмұны 
бiреу-ақ – ғашықтық пен шарап. Бұл жырларда мiне осы екi-ақ нәрсе 
мадақталады. Оның шарап жайындағы ойы айқын. Ол мас болғанша 
iшуге қарсы. Достардың ортасында, сазды әуендi тыңдап, рахаттана 
отырып шарап iшудi қолдайды… Өткен грек тарихында Анакреонт 
тәрiздi даңққа бөленген ақын болған жоқ. Жеңiл, ойнақы, көңiл 
көтеретiн жырлар әлiге дейiн «анакреонт жырлары» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет