Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет81/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

«Жоғалған жұмақ» поэмасы
Мильтон «Жоғалған жұмақ» (1658-1667) атты эпикалық 
поэмасының сюжетін таурат хикаяларынан алды. Поэма 12 (кітаптан) 
жырдан тұрады. Кітаптың басында құдайға қарсы көтеріліске 
шыққан періштелердің жеңілісі баяндалады. Көтерілісшілердің 
көсемі еркіндікке ұмтылған шайтан еді. Бірақ тамұққа тасталған 
ібіліс пен оның жәрдемшілері жеңілгендіктерін мойындамай
құдайға қарсы жаңа көтеріліске дайындалады. Поэманың негізгі 
улы найзасы салтанат құрған озбырлыққа қарсы бағытталады, 
ондағы көп жағдайлар сол дәуірдегі саяси оқиғалармен тығыз 
байланысты еді. Мәселен, құдай мен шайтан ортасындағы күрес 
азаматтық соғыс дәуіріндегі король мен парламент ортасындағы 
күресті еске түсіреді. Көтерілісшіл шайтанның «аспан әміршісі» 
құдайға қарсы бас көтеруі, республикашыл қосындардың жердегі 
билеуші корольге қарсы наразылығын білдіреді.
Поэмада бейнеленген екінші оқиға – Адам Ата мен Хауа 
Ананың күнасы туралы хикаядан алынған. Шайтан жұмақта жасап 
жатқан алғашқы адамдар - Адам Ата мен Хауа Ананы алдап
оларды жолдан аздырмақшы болады. Құдай шайтанның жауыздық 
ниеті туралы Адам Ата мен Хауа Ананы сақтандырады. Рафаил 
періште адамдарға шайтанның көтерілісі мен оның жеңілісі туралы 
айтып, адамдарды құдай жолынан таймауға үндейді. Бірақ шайтан 
өз келбетін өзгертіп, жұмаққа кіреді және Хауа Ананы тұзағына 
түсіреді. Ол жеуге тыйым салынған, жақсылық пен жамандықты 
айыратын ағаштың жемісін жейді. Адам Ата да Хауа Анаға құрмет 
көрсетіп, жемістен ауыз тиеді, құдайдың құдіретіне шек келтіреді. 
Адам Ата мен Хауа Ана күналары үшін жұмақтан қуылады. 
Олардың алдында енді қайғысыз жұмақ өмірі емес, ал қасіретті 
тұрмыс, ауыр еңбек тұрады. Осылайша адамзат тарихы басталады. 
Ағылшын 
буржуазиялық 
революциясының 
және 
40-50-жылдардағы саяси күрестердің әсері Мильтонды қоғам өмірі 
өте қасіретті, ол сананы жетілдіру арқылы ғана дами алады, деген 
пікірлерге алып келеді.
Белинский Мильтонның бұл поэмасын «беделге қарсы болған 
көтерілістің шарықтауы» деп атады. Шығарманың төңкерісшіл рухы 


289
жеңіліске ұшыраған, бірақ құдайға қарсы күрестен бас тартпаған 
өжет, қайсар шайтан бейнесінде анық көрінеді. Озбырлық салтанат 
құрған жылдары ақын халықты реставрацияға қарсы күреске 
емес, олардың қоғамдық санасын жетілдіруге шақырады. Мильтон 
обьективтік түрде халықтың төңкерісшіл көңіл-күйін бейнелеген 
ғажайып поэманы дүниеге әкелген еді. 
Поэмадағы қаһармандар ішінде Адам Ата бейнесі өзінің ерлігі, 
даналығы тұрғысынан шынайы адамдарға жақын келеді. Ол «күна» 
жасаған Хауа Анадан бас тартпайды, керісінше ортадағы одақты 
нығайтуға әрекет жасайды. Адам Ата шайтанға алданғандықтан 
емес, ал Хауа Анаға адалдығы нәтижесінде «күнаға» барады.
Сананың жеңісіне сенген ақын өз армандарын айқын емес 
аллегориялық түрде баяндағанымен, феодалдық-католиктік 
озбырлық адамды әлсіз, надан, тағдырдың ойыншығы деп көрсетіп 
жатқан кезеңде ол адамның ақыл-ойына, құдіретіне өте жоғары 
баға береді. Бұған поэмадағы Адам Ата бейнесі дәлел бола алады. 
Ақын өзімшіл шайтанды сынға алып, адамгершілікті Адам Атаны 
мадақтайды. Мильтон Адам Ата мен Хауа Ана ортасындағы 
махаббатты суреттеу арқылы бақытты, адал отбасын көрсетеді. Ақын 
олардың ортасындағы махаббатты «жоғарыдан шешілген» неке 
деп көрсеткенімен, отбасы бақытын жырлауда оның пуритандық 
рухтағы үгіт-насихаттардан едәуір өзгешелігі бар. Дегенмен Адам 
Ата бейнесінде пуритандық белгілер де қылаң беріп қалады. 
Періште алдында оның жігері босаңсиды, «жоғарыдан» болатын 
әрқандай әділетсіздікке мойынсұнуға дайын тұрады.
Мильтон дүниетанымындағы мұндай қайшылықтар діни-
пуритандықтың әсерінде пайда болып, оның қаһарманын шектеп, 
әлсіретеді. Бірақ, осыған қарамастан, «Жоғалған жұмақ» поэмасы 
- 40-50-жылдардағы саяси оқиғаларды толық бейнелеген, 
монархиялық биліктің қайта орнауына қарсы бағытталған ғажайып 
поэма болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет