Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет14/110
Дата15.11.2023
өлшемі1.32 Mb.
#483316
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110
Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» м-emirsaba.org

Думанды лирика

Бiз жоғарыда грек лирикасының монодик түрiмен таныстық. Лириканың бұл түрiне жататын элегия, ямб және меликада ақын өзiнiң жеке көңiл-күйi, арман тiлектерiн бейнелеген. Мұндай лирикалық жырлар бiр адам тарапынан күйге салынып, музыка аспабымен немесе музыкасыз орындалатын едi. Гректерде жеке әншiлер орындайтын лирикалық жырлардан басқа, көпшiлiктiң арман-тiлегiн, сезiмiн бейнелейтiн, iрi мерекелер мен мейрамдарда бiрнеше адамның қатысуымен хор формасында орындалатын жырлар яғни думанды лирикалар да болған.



Думанды лириканың келiп шығу тарихы, негiзiнен дiни мейрамдармен тығыз байланысты. Көне замандарда грек ғибадатханаларында кейбiр құдайларды мадақтап, ғибадатқа келген жұрт ән айтатын. Мұндай мадақ жырлардың көпшiлiгi Аполлон мен Диониске арналған. Бiзге дейiн жетiп келген думанды лириканың басым бөлiгi шарап пен шаттық құдайы Диониске бағышталып, ежелгi гректер бұл топтағы туындыларды «дифирамб» деп атаған. Кейiн шамамен б.з.б. VI ғасырдың екiншi жартысынан бастап думанды лирикада құдайлармен бiрге адамдарды мадақтау да дәстүрге айналады. Кейбiр тұлғаларға арналған мадақ өлеңдердi Грекия қалаларында өткiзiлетiн әр қилы сайыс ойындарда көпшiлiк орындайтын едi. Бұл ойындар барша грек жұрты үшiн үлкен ұлттық мереке болған. Халық бұл мейрамға ерекше дайындалған.
Сайыстарда жеңiп шыққан батырдың даңқы лезде мемлекеттiң барлық жерiне тарап, тiптi оның ата-анасына, қаласына, жұртына ерекше құрмет көрсетiлетiн. Мемлекет өзiнiң жеңiске жеткен азаматына биік ескерткiштер орнатып, оны жоғары лауазымдарға көтеретiн. Жеңiмпаздың ата-анасы, яки мемлекеттiң тапсырысымен ақындар батырға арнап мақтау жырлар жазатын. Сөйтiп, лирикалық поэзияның «эпиникий», яғни «жеңiс жыры» деп аталатын жаңа түрi дүниеге келедi.
Думанды лирикаға, әсiресе оның құдайларға арналған дiни тармағына негiз салған ақындар ретiнде бiр неше тұлғалардың аттары аталады. Олар – Ареон, Алкман, Стесихор, Ивик және т.б. Бұл ақындардың кейбiреуiнен ешқандай әдеби мұра қалмаған, кейбiрiнен бiрлi-жарым үзiндiлер сақталған.
Жалпы, грек лирикасының барлық түрлерiн, соның iшiнде думанды лириканы жоғары көркемдiк даму сатысына көтерген ұлы ақындар Симонид, Пиндар және Вакхилид болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет